ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҮШ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

15:18, 10 шілде 2019

Соңғы кездері Жуалы ауданында үш бірдей отбасына сыйға   үй берілді. Бұл қайырымдылық  «Б.Момышұлы атындағы қоғамдық қорына» аударылған демеушілердің қаржысымен жүзеге асырылып отыр. Бірнеше отбасыға қуаныш сыйлаған игі іс жайында келесі бейнесюжетте.

 Ауданға қарасты  шалғайда орналасқан елді мекеннің  бірі – Қошқарата ауылы. Мұнда 264 түтін бар. 1605 адамның тұрақты мекені саналады. Алайда, соңғы жылдары  халықтың дені жан-жаққа қоныс аудара бастаған.   

Нұрмахан ТАҢАТАРОВ, АРДАГЕР

Бұл жағдайды ескерген аудан басшылығы биылғы жылы алыс ауылдардағы бос тұрған үйлерге әлеуметтік қамқорлық аясында  көпбалалы отбасыларды көшіруді қолға алған. Бүгінде үйлі болған отбасылардың қатарында Нұрлыгүл Есімбекованың да жанұясы бар.

Нұрлыгүл ЕСІМБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА

Қайырлы  істің берекесін арттыруға ат салысқан жандар аз емес. Олардың бір сыпырасы осында қоныс аударған отбасыларға ауылдық мешіт жамағатының және кәсіпкерлердің қолдауымен бір-бір қойдан, екі кілемнен, сонымен бірге азық-түлік таратып,  көмек көрсетті. Ауылдық округ әкімі мұнда алдағы уақытта да көшіп келуге ниет білдірген отбасыларға қолдау шаралары жалғаса беретіндігін айтып отыр. 

Ү.Сейсенғали Манас Нұржан  «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар