ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

17:17, 28 желтоқсан 2018

Жамбылдық журналистер үшін биылғы жыл несімен есте қалмақ? Биыл облыс әкімі Асқар Мырзахметов аймақтағы Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін жылдағыдан өзгеше, еркін форматта қабылдады. Олардың жыл бойы атқарған жұмыстарына баға беріп, үздіктерін марапаттады. «Арай Плаза» бизнес орталығында тілшілер қауымы үшін жайылған шведтік дастархан, әсем әуен, көтеріңкі көңіл-күй - әдемі әрі әсерлі кеш сыйлады.

Тілші: Бұрын-соңды ресми жиындарда кездесетін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін бұл расымен еркін басқосу болды. Аймақ басшысы журналистердің бел ортасынан табылып, емен-жарқын, ашық ой-пікір алмасты. Жиында халық пен билік арасында алтын көпір болып жүрген жандардың қоғамдағы рөлі мен маңызы сөз болып, облыс әкімі Асқар Мырзахметов, жаңа жыл мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тілші: Бұл кеште осыдан бірер ай бұрын жарияланған байқау қорытындысы шығарылып, Жамбыл облысының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігі турасында үздік материал жариялаған журналистер марапатқа ие болды. «Жамбыл» арнасының үш бірдей жаңалық жаршысы да осы тұғырдан көрінді.

Берік ҚҰРМАНҒАЛИ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Асқар Исабекұлы бірқатар ардагер журналистердің омырауына «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақты. Олардың қатарында «Қазақстан - Заман» халықаралық газеті директорының бірінші орынбасары Сәуле Мешітбаева да бар.

Сәуле МЕШІТБАЕВА, «ҚАЗАҚСТАН - ЗАМАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАЗЕТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Бақ өкілдері арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм ауыз тиіп, өңір басшысымен бірге естелік суретке түсті. Жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалап, мерекелік керемет кештің куәсі болды. «Жамбыл» телеарнасы ұжымының атынан еңбектері еленіп, құрмет-қошеметке бөленген әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ибраев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖУАЛЫ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:25, 14 наурыз 2019
ЖУАЛЫ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
САРЫСУ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
16:34, 14 наурыз 2019
САРЫСУ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...