Ведомствоаралық жұмыс тобының мәжілісі

22:30, 17 сәуір 2017   145

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жанындағы ведомствоаралық жұмысшы тобының кезекті отырысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының есебі тыңдалды.  

Тілеухан Әбілдаев нақтылы кезеңде медицина саласы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.  Басы ауырып, балтыры сыздаған жанның медицина мамандарының қызметіне жүгінетіні белгілі. Сәйкесінше, нақ осы салаға да халық тарапынан түсетін талап-тілек, өтініш те көп.

Мұнда назарға алынатын мәселелер мен шешімін күткен жайттар да талқыланды.  Жұмыс тобының отырысында сондай-ақ, наркологиялық диспансер, облыстық психикалық аурулар диспансері мен №2 және 4-емхананың бас дәрігерлері көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелігін арттыру бағытындағы жұмыстарымен таныстырды.  

Жандос Тойшыбеков, ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі

Бұл жұмыс тобының мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын халыққа неғұрлым ыңғайлы қып көрсету. Әрбір көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне облыс тұрғындары, қоғамдық бірлестіктер үлестерін қосып жатыр. Олар өз тараптарынан қай мемлекеттік қызмет түрлерін оңтайландыру, жақсы көрсетуге байланысты ұсыныс-пікірлері болса, біздің департаментке келіп, өз ұсыныстарын берсе болады

Әр мекеменің мінсіз қызмет көрсетуін қадағалаушы ведомствоаралық топ мүшелері әрбір сын ескертпені қараусыз қалдырмай, талдау жасалатындығын айтады.

 

 

Аягөз Тілеуханқызы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40