ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

20:30, 17 тамыз 2018

Гепатиттен сақтан! Осындай ұранмен бүгін облыстық салауатты өмір салтын сақтау орталығының мамандары акция өткізді. Онда жиналған жұртшылыққа жұқпалы дерттің маңыздылығы түсіндіріліп, балаларға тазалықты қалай сақтау керектігі жайында ақпар берілді. 

Вирусты гепатит алғашқы кезде білінбейді. Науқас өзін сау адам ретінде сезінеді. Вирус адамның ішкі ағзаларына зиянын тигізеді. Ең алды бауырды зақымдайды. Ал, бауыр – ресустық ағза. Ауру салдарынан –  адам бауырының 80%-ы жұмыс істемеуі мүмкін. Алайда қалған 20%-бен бауыр 100% сияқты жұмыс істей береді. Анализдер нәтижесі де дұрыс болуы мүмкін. Сонысымен де қауіпті – оны «үнсіз» инфекция», - дейді мамандар.

Жәнібек Мырзатаев /ЖО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары/

/Гепатит ауруы жәй іш ауруы емес. Ол өмірбақи баланың бауырына сондай зақым келтіретіндігіне көңіл аудару керек. Яғни гепатит ауруы ішкен аспен, және ішкен сумен  жұғу қауіптілігінің басымдылығында. Және оның паренетальді түрлері бар /

Гепатиттің алдын алудың негізгі жолы – скрининг. Әрбір тұрғын өз денсаулығына жіті көңіл бөліп, тексерістен өтіп тұруы қажет. Тіпті, өзіңізді сау адаммын деп есептесеңіз де қан сынамасын жылына бір тет өткізіп тұрғанның артықтығы жоқ - дейді жиында сөз алғандар.

Нәйлә Мүлікова /Қоғамдық денсаулық сақтау  департаментінің бөлім басшысы/

/Бұл акцияның мақсаты гепатит жайында халыққа ақпарат беру. Аурудың  белгілері әлсіздік, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, бауыр аумағында қолайсыздықтардың сезілуі болуы мүмкін. Вирусты В және С гепатиттері – әлеуметтік ауру. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл пациенттерге тегін медициналық көмек көрсетіледі/

Акция барысында гепатиттен сақтану жолдарын көрсететін түрлі ойындар ойнатылып, сауалнамалар жүргізілді. Тіпті балаларға қолды жуудың жолдары билеу арқылы көрсетілсе, қойылыммен зиянды әрекеттерден тыйылудың маңыздылығы айтылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...