ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

Ы. ДҮКЕНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ «ЖЕЗ КИІК» ҚОБЫЗШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

19:00, 15 наурыз 2019

Тараз төрінде Ықылас Дүкенұлы атындағы облыстық «Жез киік» қобызшылар байқауы өтті. Ұлттық өнерді дамыту, дәстүрлі өнерпаздардың шығармашылығын насихаттау және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді мақсат тұтқан байқау аймақта 4 рет өткізілуде.

Сан ғасырлар өтседе сыры мен сынын жоғалтпай саф алтындай сақталып келген халықтық асыл мұрамыз дәстүрлі музыка жаңғырған байқауға 27 үміткер қатысып, бақ сынады. Конкурстың ережесіне сай қатысушылар дәулескер күйшінің бір туындысын, фортепианоның сүйемелдеуімен күй және өз қалауы бойынша қобызға арналып өңделген шығарманы орындауы тиіс.

Дулат Байзілдаев – Жамбыл облыстық филармониясы қазақ ұлт-аспаптар оркестірінің көркемдік жетекшісі

Жалпы конкурсқа аудандар мен Тараз қаласынан 15 жастан жоғары қылқобыз бен сымқобыз аспабы бойынша әуесқой орындаушылар мен халық арасынан шыққан тума таланттар қатысты.

Айшабибі Орманова - Байқауға қатысушы /Т.Рысқұлов ауданы/

Қобыздың сырлы сиқырлы шанағынан шыққан сазды күймен жамбылдықтарды тербелткен мәдени-рухани шараны ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде өткізуді көздейді.

К.Шәмші.Өміртай Ыбырай ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:30, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:28, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:07, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...