ШҰҒЫЛ! «ОҚУШЫ АРЛАНЫ» ТУРНИРІ Толығырақ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БЕКИ ТҮСПЕК

20:57, 15 мамыр 2019

Мәртебелі мейманмен Сенат спикері Дариға Назарбаева да кездесіп, ынтымақтастық  мәселелерін дамыту жайын талқылады. Грузия Премьер-министрі Мамуко Бахтадзе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы әріптестікті жандандыруға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты. Ал Дариға Назарбаева көлік-транзит саласында өзара тиімді жұмыс істеп, мүмкіндікті пайдалануымыз қажет деді. Өйткені екі мемлекет арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.  Грузия Премьер-министрі екі елдің жоғары оқу орындарын тығыз жұмыс істеуге шақырды. Қос тарап туристік әлеуетті дамыту жолдарын  талқылап, гуманитарлық әріптестікті де назардан тыс қалдырмады. +  Сондай-ақ жоғары палата спикері Кипр Сыртқы істер министрі Никосом Христодулидиспен кездесу өткізді. Онда да алыс, беріс, барыс , келіс мәселелері қаралды.  Қазақстан мен Кипрдың көптеген өңірлік және халықаралық мәселелерге көзқарасы жақын. Сапар аясында қол қойылған үкіметаралық құжаттар екі елдің  іскерлік ортасын жақындастыруға мүмкіндік беретініне сенім мол .Сауда-экономикалық мәселелерді талқылай келе, Дариға Назарбаева  Кипр тарапын біздің елде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға шақырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
22:08, 13 мамыр 2019
ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...