ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЫСТЫҚ СУ ТОҚТАТЫЛДЫ

16:05, 11 маусым 2019

Тараз қаласының Қаратау, Қарасу ықшам аудандары мен «Қарасу» және Қант кенті массивтеріндегі 82 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су үздіксіз берілетін болады. Қаланың қалған бөліктерінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуіне байланысты 10 маусымнан бастап ыстық су беру тоқтатылды. Бұл жөнінде сала мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Мамандар сөзіне сенсек, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр. Қазір Тараз қаласының М2 және М4 магистральдық жылу желілеріне жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Оның жалпы аумағы 9,3 шақырым аралықты қамтиды. Яғни, Сыпатай, Көшеней, Ниетқалиев, Қойгелді, Сухамбаев, Дулати, Камратов, Қонаев көшелері мен Абай даңғылы бойындағы бірқатар желілер ауыстырылуда.

Әбутәліп СЕРІКБАЕВ, «ТАРАЗЭНЕРГООРТАЛЫҚ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ

Өздеріңізге белгілі ыстық су 1 мамыр мен 10 маусым аралығында қаладағы 610 көпқабатты тұрғын үйге берілген болатын. Мұның өзі «Таразэнергоорталығы» мекемесін едәуір шығынға ұшыратты дейді басшы. Соған қарамастан, М1 магистральдық желісіне қарайтын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етпек болған. Алайда, су айналымының гидравликалық қысымына байланысты бұл мүмкін болмай отырған көрінеді.

Құдайберген ҚОРҒАНБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл мәселе жыл сайын тараздықтарды айналып өте алмайды. Себебі, ыстық су мен жылу желілері бөлек қарастырылмаған. Әйткенмен, оның шешімі бар ма? қашанғы бұлай жалғаса бермек? – деген журналистер сауалына басқарма басшысының берген жауабы мынау:

Құдайберген ҚОРҒАНБАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жалпы, облыс бойынша жылумен қамтитын кәсіпорындардардың ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарына 626 млн. нан астам қаржы бөлінген. Бұл жұмыстарды 10 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ал мамандар тірлік тиянақтала салысымен, ыстық су берілетін болады деп сендірді. Әзірге «Жамбыл Жылу» кәсіпорнының РК -1 қазандығына қарасты 82 көпқабатты тұрғын үйге ғана ыстық су үздіксіз берілмек.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Руслан САНДЫБАЕВ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
20:34, 18 маусым 2019
ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...