ШҰҒЫЛ! Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі Толығырақ

Зағиптар қоғамындағы байқау

18:56, 13 қараша 2017

Бүгін-Халықаралық зағиптар күні. Осы күнгеорай «Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарғаарналған кітапханада» байқау өткізілді.

Ресми мәліметтер бойынша Қазақстанда 20 мыңға жуық қос жанарынан айырылған зағип жандар бар. Соның 890-ны біздің облыста тұрады. Бұл азаматтардың жазу жазып, кітап оқып үйренуіне мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалынуда. Мәселен, арнайы зағип жандарға арналған кітапханада 33 мың кітап бар. Оның 5 мыңға жуығы дыбыстандырылған кітап болса, 4 мыңнан астамы бедерлі нүктелі қаріптегі кітаптар.

Ербол Бегімов, тифлоредактор

Брайль жүйесі бойынша үйреніп шыққан зағип жандар бүгін байқауға қатысуда.Байқаудың мақсаты- Брайль жүйесін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау. Жаңадан көз жанарынан айырылғанжандарды кітапханаға тарту

Байқау 4 кезең бойынша өткізілді. Алғашқы сынақтарда  қатысушылар Брайль жүйесі арқылы оқып, жазды. Ал 3- кезеңде бедерді-графикалық құралдарды сипау тәсілімен танып, заттың атын айтса,ең соңғы бөлімде арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді.

Қолқанат Оңғарбаева, байқауға қатысушы

Мектеп-интернатта оқыдым. Сол жерде Брайльша үйрендім. Ал одан кейін біз осы кітапханада арнайы курстар бар Брайльша оқытатын. Осы жерден де сабақ алып, ары қарай дамытып жүрмін. Білетін жазу болғандықтан қиындық туғызған жоқ.

Иә,жарық дүниенің ғажайыптарын өз көзімен көргенге не жетсін? Дегенмен, бұл жандар басына түскен қиын тағдырға қарамастан,  өмір сүруге деген құлшыныстарын жоғалтқан емес. Оған дәлел бүгінгі іс-шараға қатысулары.Зағип жандар мұнда өзара жарысып қана қоймай, келген көрермендерге де әуезді әнмен жақсы көңіл-күй сыйлады.Байқау  соңында барлық қатысушылар сый-сияпаттармен марапатталды.

Гүлзат Сейдуллақызы, Нұрлыбек Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі
20:35, 23 ақпан 2018
Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі
20:39, 21 ақпан 2018
Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі
Толығырақ...
Облыс әкімі  Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды
20:35, 22 ақпан 2018
Облыс әкімі Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды
Толығырақ...