ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ТАҒЫ КЕЙІНГЕ ЫҒЫСТЫРЫЛДЫ

20:37, 6 маусым 2019

Улы көл қашан көміледі? Бұл сұрақ Маңғыстау халқын жылдар бойы мазалап жүр. Қошқар ата қалдықтар қоймасынан шығатын жағымсыз иіс таяу маңдағы тұрғындардың қолқасын қабады. ////  Экологиялық зардабы туралы сөз жүзінде талай айтылса да, іс жүзінде залалсыздандыру мүмкін болмай тұр. Уытты көл 50 жылдан бері көмілмеген. Соған бөлінген қаражат та игерілмеді. Былтырғы бюджет жөніндегі Сенат отырысында осы өзекті мәселе көтерілді. Нысаналы Ығыл тарқатсын.

 Кесте: Қалдықтар қоймасы көлге де, елге де жақын. Каспий теңізінен 7, ал Ақтау қаласынан 3 шақырым қашықта ғана. Бірақ зардабын аса тартып отырған Басқұдық ауылының халқы. Арасы 150-ақ метр.

Жел соқса, тыныстары тарылады. Әсіресе, аллергиясы барларға қиын екен.

ТҰРҒАНАЙ СӘДУОВА, БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

ГҮЛАЙЫМ ИМАНҚҰЛҚЫЗЫ, БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Радиациялық аймақ Кеңес кезінде уран игеруден қалған. Мұнда химиялық өнеркәсіп пен металлургия кеніші және күкірт қышқылы зауытының қалдықтары құйылды.

БАҚТЫБАЙ ШЕЛПЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Жылдан жылға қалдық қоймасындағы су деңгейі төмендеуі салдарынан радиациялы және улы заттар кеуіп, шаң-тозаң арқылы ауаға тарап жатқаны ғылыми-практикалық тұрғыдан дәлелденді. Сонымен қатар Каспий теңізіне де қауіп төніп тұрғаны жасырын емес. Сапасыз жоспарлаудың әсерінен энергетика министрлігіне бөлінген 2 млрд тг уақытылы игерілмей қалған. Ал 19-21 жылға бөлінген 15 млрд тг болса бюджеттен мүлдем алынып тасталған. Сұрақ, Қошқар ата аулы көлін залалсыздандыру қашан шешілуі мүмкін.

 ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ішкі аудит комитетінің тексеруі болған. Бірнеше бұзушылықтар табылған. Ана бөлінген 2 млрд тг толығымен республикалық бюджетке қайтарылған. Қазіргі күні Маңғыстау облысының әкімшілігі осы құжаттарды түзетіп осы жылы бізге бітіріп беруі тиіс. Ал қазіргі Үкімет осы бойынша келесі жылға қаражатты жоспарлауға дайын.

 

Жалпы бюджет заңын бұзу деректері тіркелсе сол бағдарлама жетекшілері жауапқа тартылуы тиіс. Тіпті қызметінен кетірсе де.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 

Аударма: Қаржы бөлініп қойғанымен министрлік бір жыл бойы жобаны іске асыру үшін құжаттарын келісіп жүретініне көнуге болмайды. Мен мұны мемлекеттік ақшаға, мемлекеттік жобаларға ұқыпсыздықтың көрсеткіші деп білемін. Демек шешім қабылдаудың басқа жолын табу керек. Бюджеттік заңдылықтарды бұзғандар жауапқа тартылуы тиіс. Және бұлтартпау шарасы қабылдануы шарт.

Сондай-ақ Сенат спикері бюджет шикізат секторына әлі де тәуелді екенін жеткізді. Экономиканы әртараптандыру мәселелері де баяу шешілуде,-дейді. Ал негізі қазынаны толтырудың және әлуетті өсірудің өзге жаңа жолдары қарастырылуы тиіс.

Нысаналы Ығыл, Айқын Дәлел «ҚҰА»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар