ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЗАМАНАУИ БЕСІК ШЕБЕРІ

15:32, 6 маусым 2019

Заманауи қолөнер шебері кәсібін –нәсіпке айналдырып отыр. Жиналмалы бесік жасайтын Пернебек Ахметов табыс тауып қана қоймай, бірнеше адамды жұмыспен де қамтып отыр.  Бүгінде ол өз үйінен ашқан шағын шеберханасында, 21 ғасырдың заманауи бесігін жасайды. Шебермен сұқбаттасып қайтқан әріптесім Қасымжан Байкүшіков тарқатады  

Қазақтың дүние танымы бойынша адам баласы жетілуді бесікке бөленіп бастайды. Халқымыз бесікке жатпаған баланың өсіп дамуына күмәнмен қараған. Бүгінгі техника дамыған уақытта, бұл қастерлі жиһаздың осы заманға сай түрі көп. Электрондысы, жиналмалысы, инновациямен жасалған басқа да сан алуан түрі бар.

Пернебек Ахметов /қазақтың киелі құралын дамыту ойымыз/

Өзінің үйінен ашқан шағын шеберханада қазір 4 адам жұмыс істейді. Бірі бесікке қажетті ағаштарды қиялай кессе, біреуі өю-өрнегін электронды аппаратпен дизаинын жасап кескін келбетін әрлейді. Содан кейін бірі, дайын болған бесік ағаштарын табиғи таза балауызбен майлайды. Бәріде өз ісінің шеберлері Шайхы Салғараев АИТИ  мамандығы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында білім алған. Ол осында жұмыс жасағалы жылға жуықтапты.

Шайхы Салғараев дизаинер /бесіктің дизаинін жетілдірудеміз/

Айына 60 бесік дайындап отырған шағын цехтың өнімдері тек елімізде емес,  Түркия, Мәскеу тіпті Лондонға да тапсырыспен жеткізілген екен.  Бала бөлейтін құралды бүгінгі ата- анаға ыңғайлы етіп жасауға тырысып бағып жүрген шебердің ендігі арманы, үкіметтен қолдау болса еліміздің әр өңірінен осындай шеберханалар ашу.

Қ.Байкүшіков

Н.Құдияр

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...