ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЗАМАНАУИ СУРЕТ КӨРМЕСІ

20:48, 5 маусым 2019

Таразда тұңғыш рет  «Ұлы дала хикаялары» атауымен сурет  көрмесі ашылды. Қазақстанның заманауи өнер туындыларын паш ету мақсатында ұйымдастырылған шараға еліміздің  белді қыл қалам шеберлерінің суреттері қойылып, көрермендерге ұсынылды. 

Сондай-ақ, салтанатты шараның ашылуына  облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова арнайы келіп, құттықтау сөз сөйледі. Толығырақ Аян Ермекұлының бейнесюжеті

«Ұлы дала хикаялары»  атты көрмеде оннан астам суретшінің туындылары  көрсетілді. Түрлі жанрлар мен жаңашылдықтардан туындап отқан мұндағы суреттер, кешегі күннің тірі кескіндемесі іспеттес. Өйткені, кей суреттерде экологиялық мәселелер сыр шертсе, енді бірінде тарих өнегесі өрнектелді.

 Алмагүл МЕҢДІБАЕВА  СУРЕТШІ   \Менің өнер туындыларымда Тараздағы киелі орындар да бар. Мәселен, Айша бибі кесенесін айта аламын. Мен дәл осы кесенені ұзақ уақыт түсірдім деп айтсам да болады. Өйткені, барлығымыз білетіндей Тараз топырағы киелі мекен, тарихи аймақ...\

Әлібай ҚАЛТАЙҰЛЫ СУРЕТШІ

 Сондай-ақ, шара ел көлемін қамтиды деп күтілуде. Себебі, көшпелі жоба керуеніне танымал суретшілердің барлығы да атсалысуды көздеп отыр. Тіпті мұнда келушілер де еліміздің заманауи көрмесінің өскелең ұрпаққа берері мол деп біледі.

Әлішер ТОҒАБЕК     СТУДЕНТ

Аймақ тұрғындары көрмені бесінші маусым мен бесінші шілде аралығында тамашалай алады. Сосын көшпелі  көрме керуені Қызылорда қаласына жол тартатын болады.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
20:20, 21 қараша 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...