ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІКТЕРІ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ АҢШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

19:55, 12 желтоқсан 2018

Аңшылық қызығына түскендер кейде  тыйым салынғанына  қарамастан заңға бағынбай жан-жануарларға оңды – солды  оқ кезенуін қояр емес. Қазіргі  таңда олармен күрес те күшеюде. Бүл туралы мамандар арнайы брифингте баян етті.

Нақтырақ  мысал айтар болсақ,  қараша айының басында Мойынқұм аудандағы  «Андасай» қорығында аңшылық жасаған  4 азамат ұсталып,  тиісті әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың ісі аудан аралық сотта қаралып,   қарулары мемлекет пайдасына тәркіленіпті. Бір қызығы  заңсыз аң аулаушылар ішінде Мойынқұм аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы да бар болып шыққан.  Мұндай деректер биыл күрт көбейіп кеткен. Себебі қарапайым, қадағалау да күшейіп отыр.  Алайда, Алдын алу жолдары қолға алынғанымен заң бұзушылық өзекті мәселе  қатарында, дейді мамандар.  Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы құрылған жедел қызмет өкілдерінің жұмыстары да өз нәтижесін беріп келеді. 

Айбар Әділбақов  Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары

С. ЖҰМАБЕК, АСҚАР ӘДІЛ «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ  ҚАЙРАТКЕРІНІҢ  РУХЫНА ТАҒЗЫМ
14:16, 14 қаңтар 2019
МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Толығырақ...