ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

18:57, 16 сәуір 2019

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде «НЕРЕСТ» республикалық жедел- алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторларымен бірлесіп,  Аса өзенінен заңсыз балық аулаған екі азаматты ұстады.  Олар су жануарларын жаппай жоятын, заңмен тыйым салынған тоқ арқылы жұмыс жасайтын қармақты пайдалана отырып, балық аулаған. Жалпы  салмағы 177 келі болатын балық,  резеңке қайық және арнайы қолдан жасалған электрлі қармағы  тәркіленген. Қазіргі таңда 2 азаматқа қатысты  ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі 2,4-тармақшаларымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

С. Жұмабек «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
19:37, 16 шілде 2019
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар