ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ ДЕЛДАЛДЫҚҚА – ЗАҢДЫ ТОСҚАУЫЛ НЕГЕ ЖОҚ?

13:30, 9 тамыз 2018

Жамбыл облысында көлік жүргізу куәлігінің құны 60 мың теңге.Тіпті, құжатты тиісті орынға бармай, емтиханға кірмей алуға болады. Бұл сондағы барлығын заңды түрде жасап береміз деген делдалдардың сөзі.

Ал, жалпы статистикаға сүйенер болсақ, жол апатының басым бөлігі, жол ережесін білмегеннен орын алады екен. Жамбыл облыстық әкімшілік полициясы емтиханды тіркеу бөлімі алдында қаптаған делдалдардың бұл мәселе, қаперіне кірмесе керек. Ал, заңсыз ашық түрде орын алып жатқан бұл жағдайға кім жауапты?

Мұнда қазір, құжат алу да, тапсыру да оңай. Барлығы электронды түрде. Тіпті, көліктің техникалық құжатын онлайн тапсырыс беріп те алуыңызға болады. Алайда, сол маңды торуылдаған ортадағы делдардар келушілерге дұрыс бағыт-бағдар бермей, заңсыз әрекетке баруына итермелейді. Мәселен, Гүлнәр есімді азаматша біздің түсірілім тобымен былай келісті.

Вождение, экзамен, наркология барлығын алып беремін.

Өзара тұрақты баға қойып алған делдалдар, тіпті базардағы саудагер дерсіз. Артық әрекетті ақшамен есептейтін олар жүргізуші куәлігін 60 мың тг бағалады. Тек, 3 күн күтсеңіз қолыңызға тапсырамыз дейді.

Көлік жүргізе алсаң 60 мың тг. Егер жүргізе алмасаң тағы 3500 тг қосасың.

Ал, мұндағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшылығы бұл жағдайдан хабардар. Тіпті, қанша күрессек те, еш нәтиже шықпай отыр дейді.

МҰХТАР – МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО БАСШЫСЫ  бұл жағдайды барлығымыз білеміз. Күрестік болмады.

Ал, дәл табанының астында болып жатқан бармақ басты көз қысты әрекетке, көз жұма қарап отырған құзырлы органдар қайда қарап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
13:20, 18 қазан 2018
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Толығырақ...
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
13:20, 18 қазан 2018
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар