Заңсыз ішімдік өндіруші құрықталды

14:50, 12 қазан 2017

Тараз қаласында заңсыз қолдан алкогольдік сусын жасаған азамат қолға түсті. Тіпті, Қазақстан маркалы коньякгында жасап қаладағы дүкендердің біріне сатылымға қойған. Қанша зиянды алкогольдік өнімдер облыс орталығындағы дүкендер сөресіне қойылғаны әзірге белгісіз.Өйткені дәл мұндай ішімдіктер  қала дүкендерінде  жиі кездеседі. Толығырақ әріптесім Серік Жұмабек айтып берсін.

Алкогольдік ішімдікдің адам ағзасына келтіретін зияны айтпасада белгілі.Бұл ішімдікті азамат көптен бері өз үйінде қолдан жасап келген. Тексеріс барысында оның пәтерінен 600-ге жуық шөлмек, сондай-ақ бөтелке қақпақтарымен ішімдік өлшейтін құрал және  басқада алгольдік өнімдер дайындайтын заттар табылған.

Заң бойынша мұндай қылмыс жасаған азаматтарға 3 жыл бас бостандығынан айыру немесе 3мың  айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады.Бұл орташа есеппен алғанда 6 млн 807 мың теңгені құрайды.  Қазіргі таңда, заңсыз ішімдіктің қаншасы өткерілгендігі белгісіз.Ол тергеу жұмыстарының нәтижесінде анықталатын болады. Жалпы күдікті  «Бахус» компаниясына тиесілі Қазақстан коньягімен алкогольдік сусындарды жасап келген.Жыл басынан бері, заңсыз ішімдіктерді сату жөнінде 4 факті тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған.

Серік Жұмабек, «Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

Елбасы мақаласы - болашаққа бағдар жасайтын маңызды құжат
18:49, 17 қазан 2017
Елбасы мақаласы - болашаққа бағдар жасайтын маңызды құжат
Толығырақ...
Мемлекеттік саятатты жүзеге асырудағы діни қызметшілердің ықпалы
18:48, 17 қазан 2017
Мемлекеттік саятатты жүзеге асырудағы діни қызметшілердің ық...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

“Үздік бастауыш партия ұйымы” байқауының жеңімпаздары анықталды
19:10, 13 қазан 2017
“Үздік бастауыш партия ұйымы” байқауының жеңімпаздары анықта...
Толығырақ...
Бағалау жүйесін қолданудың тиімді жолдары
14:40, 11 қазан 2017
Бағалау жүйесін қолданудың тиімді жолдары
Толығырақ...