ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ МИГРАЦИЯҒА – ЗАҢДЫ ТОСҚАУЫЛ

14:52, 15 сәуір 2019

Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 135 шетел азаматы елдеріне қайтарылса, шекарадан заңсыз өткен 3 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұл туралы облыстың полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының өкілдері баспасөз мәслихатында  айтты.

Бұл заңбұзушылықтар өткен апта ұйымдастырылған "заңсыз келуші -2019" жедел алдын алу іс-шарасының аясында белгілі болған. Облыстың он ауданы мен Тараз қаласын жіті тінтіген қызметкерлер көші қон туралы ережені бұзған 200 ден аса дерек тауыпты. Нәтижесінде, шетелдіктерді құжатсыз-ақ қабылдаған жеке және заңды 19 азамат жауапкершілікке тартылған. Ал, 71 өзге ел азаматының Қазақстан аумағында болу мерзімі қысқартылып, 135-і елден аластатылыпты. Айта кету керек, бұл Жергілікті әкімшілік, криминалдық полиция, тергеу және анықтау бөлімдерінің бірлескен акциясы. Жамбыл облысындағы зерделеу жұмыстары жылына 3-4 рет ұйымдастырылып тұрады.

Арман ТҰРДАЛИЕВ - ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар