Заңсыз пиротехникалық өнімдерге рейд басталды

19:16, 6 желтоқсан 2017

Жаңа жыл мерекесіне де аз уақыт қалды. Енді, қала көшелері мен сауда орындарында заңсыз пиротехникалық бұйымдарды сату басталады. Яғни, сертификатталмаған от-шашулар, өрттің шығуы мен адам өміріне қауіп төндіреді. Бүгінгі өткен брифингте ТЖ қызметкерлері осыған баса назар аударып, алдын-алу бағытындағы жұмыстарымен таныстырды.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдай қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жаңа жылдық мәдени іс-шаралар өтетеін орындарды анықтады. Оның ішінде 657 білім беру ұйымдары, 32 денсаулық сақтау, 27 мәдениет үйлері сынды жалпы алғанда 790 обьект. Аталған орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, арнайы сала қызметкерлері бақылауда ұстайтын болады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерімен бірлесіп күнделікті базарларда, дүкедер мен өзге де сауда орындарында сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатуға тыйым салу бойынша рейд жүргізілетін болады. Сондай-ақ, от-шашуларды қолданар алдында нұсқаулықпен танысып, көлік тұрағы және өзгеде жанғыш заттардан аулақ пайдалану керектігінде мамандар қатаң ескертті.

Мақсат Әкімбаев, облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы

Қыс мезгіліндегі өрттің басм өлігі осы жаңа жыл мерекесі қарсаңында болады. Біз алдын-алу шараларын бастап кеттік.

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар