ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ САУДАҒА ЖОЛ ЖОҚ

18:42, 12 шілде 2019

Жамбыл адалдық алаңы жобасы кеңсесінің мамандары «Ауыл-Береке» базарындағы саудагерлерге рейд жұмыстарын жүргізді. Мәселен көрші елдермен өзге облыстан тасымалданатын көкеніс пен жеміс-жидектердің тиісті құжаттары болуы керек. Осы бағытта базар сөрелерін аралаған жауаптылар саудагерлерге ескерту жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Агроөнеркәсіптік кешеніндегі басты мәселелердің бірі жеміс-жидек тасымалдайтын саудагерлердің заңды құжаттарының жоқтығы. Бұл бағыттағы кемшіліктерді әлі күнге дейін толық бақылауға ала-алмай отырған мамандар, тиісті шара қолдану қажеттігін айтады.

Қайрат МЕКЛИСОВ – ЖАМБЫЛ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұған дейін рейд жүргізген кеңсе қызметкерлері 75 келі шиеден құрт шыққандығын анықтаған. Ал, тасымалдаушы мен сатушы азаматтар, алдымен карантиндік және фитосанитарияның сертификатын алғаннан кейін ғана халыққа ұсынуы керек дейді мамандар.

Сәбит ЖҮСІПОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Бүгінгі рейд барысында тауарын тастап тұра қашқандар да болды. Дегенмен, ескерту жұмыстарын жүргізген жауапты мамандар келесіде заң өкілдерімен бірлесе айыппұл салатындықтарын жеткізді.

Н.Сембеков, Т.ТерлікбаЙ  «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар