ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ ТИЫЛМАЙ ТҰР

19:14, 12 тамыз 2019

Таразда заңсыз жолаушылар тасымалы тиылмай тұр. Автобекет маңында алыс жолға қатынайтын көліктер қауіпсіздік ережелеріне сай емес. Көліктік бақылау органдарының қызметкерлері осылай деп дабыл қаққанымен, нәпақасын жолдан тауып жүрген жүргізушілер де өз уәждерін айтады. Мұндағы көлік жүргізушілерге мәселені шешу үшін бір ай уақыт берілгенімен, олар құзырлы мекемелер тарапынан қойылып отырған талаптармен келіспей отыр. Тақырыпты Аягөз Тілеуханқызы жалғастырады.  

Жолаушылар көлігі басқармасындағылармен  кездесуге 50-ден астам жүргізуші жиналды. Бұған дейін де жолаушыны керек жеріне жеткізіп жүрген жүргізушілерге бұл әрекеттерінің  заңға томпақ екендігінің айтылғанына жылға жуықтаса да, олар осы уақыт ішінде тиісті шешім шығармапты.  Жауаптылардың айтуынша, бұл көліктер алыс жолға арналмаған, қатынауға қауіпті. Басшылық  оларға мәселенің балама шешімдерін ұсынуларына тура келді.

Бақытжан ЖӘНІБЕКОВ –ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМЫСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /осы айда енді мәселені шешудің өзге де жолдарын қарастырамыз. Өйткен, бекітілген заң талаптарына сәйкес, минивендер үш жүз мың шақырым қашықтықтан асырмауы тиіс/.

Алайда, мұндағы жүргізушілердің көпшілігінің тізгінінде 8-ден 16-ға дейін орындықты  шағын автобустар. 10-20 жылдан бері көлік жүргізіп, осындай кәсіпке үйренген олар бұрын мүлде болмаған,  тұтқиылдан енгізілген мұндай жаңашылдықты түсінбей дал. Тиісті шешім шығаруы үшін тағы бір ай мерзім белгіленді. +

/Менің жүргізуші болып жолда жүргеніме 10 жылдан асты. Мұндай сұмдық бұрын болған емес, ешқандай проблема жоқ болатын. Олар бізге жүргізуші санатын ауыстыруды талап етіп отыр. біз нанымызды осыдан тауып отырмыз, бәріміздің басымызда кредитіміз бар.... /

Осылай деп шырылдаған  жүргізушілер «бізде бәрі заңды»  дейді. Олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, патенттері де бар. Ал көліктік бақылау орган қызметкерлері  барлық іс-шаралар жолдағы апаттарды  азайтуға, сонымен қатар,  бірінші кезекте  жолаушылардың  қауіпсіздігін сақтау мақсатында жасалып жатқандығын жеткізді. Мәселенің оң шешілуі үшін бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.    

А. Тілеуханқызы, Нұрлыбек ҚҰДИЯР «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар