ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ӨКІЛЕТТІЛІГІН ТОҚТАТТЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

18:45, 15 наурыз 2019

Қазыналы қарттарды қадірлеу қашаннан қанымызға сіңген қасиет. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы Жолдауларында қарттар мен зейнеткерлерді қолдау әрдайым маңызды мәселе екенін баса айтып, оларға рухани-әлеуметтік көмек көрсету ісіне зор мән беріп келеді.

Осы мақсатта, Жамбыл облысында жыл басынан бері «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы іске қосылған. Аз уақыт ішінде аталған бағдарлама аясында атқарылған шаруалар легі аз болмады. Соның бірегейі қалада жоба шеңберінде дүниеге келген «Ұзақ өмір сүру орталығы».

Бүгінгі таңда өңірде 123 мыңнан астам зейнеткер бар. Олардың бос уақыттарын тиімді өткізу мен салауатты өмір салтын ұстануларына барлық жағдай жасалу керек. Облыстық қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің бірлескен отырысында осы мәселе сөз болды. Сондай-ақ, билер кеңесінің жылдық қорытындысы тыңдалып, «жастар жылында», ұрпақтар сабақтастығын нығайту жолында атқарылатын шаралар жоспарланды.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Қариялар бас қосатын «ардагерлер ұйымы» барлық ауданда бар.Сондай-ақ, облыс орталығындағы спорт кешендерінен арнайы бөлмелер де берілген. Бүгін олардың қатары тағы бір нысанмен толықты. Тағзым күні тұсауы кесілген «Белсенді өмір сүру» орталығы аты айтып тұрғандай, ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізулері үшін жұмыс істемек.

Еркінбек СОЛТЫБАЕВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Жаңа мекемеде шахмат, тоғызқұмалақ үстелдері, шағын кітапхана орналастырылған. Орталық арқылы зейнеткерлердің өмір сүру сапасын, компьютерлік білімдерін арттыруға, психологиялық, заңгерлік көмек алуға мүмкіндік жасалатын арнайы клубтар ашылады.

Б. Сабыржан, А. Әділ, «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:30, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:28, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
13:07, 21 наурыз 2019
НУРСУЛТАН НАЗАРБАЕВ-ВЫДАЮЩИЙСЯ ЛИДЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
13:30, 19 наурыз 2019
БІЛІМГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
21:26, 19 наурыз 2019
ЖАМБЫЛ ЖЕРІНДЕ «ЖАҢҒЫРУ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Толығырақ...