ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІКТЕРІ Толығырақ

ЖАЛАҚЫ ӨСТІ

19:59, 8 қаңтар 2019

Жаңа жылдан бастап еліміз бойынша екі миллион жұмысшының  айлық жалақысы көтерілген. Ол қазақстан аумағында еңбек ететін азаматтардың  үштен біріне тең. Ал, ең төмен жалақы алатын азаматтардың санын нақтылау жұмыстары әлі де жалғасуда

 Жаңа жылдан бастап,  Жамбыл облысында 100 мыңнан астам азаматтың айлығы  бір жарым есеге өсті. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелердегі  жұмысшылардың  жалақысы 35 пайызға көтерілді. Ал, атаулы әлеуметтік жәрдемақылар 2 есеге дейін ұлғаймақ. Бұл өңір тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының артуына сеп болмақ. 

  Алты баланың анасы Зухра Сақұлова  жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алады.  Көпбалалы отбасының бұрынғыға қарағанда кірісі көбеймек. Оның үстіне, осы айдан бастап отағасының да айлығы еселенді.   

ЗУХРА САҚҰЛОВА КӨПБАЛАЛЫ АНА  бұрын 18 жасқа дейінгі жәрдемақыны ар балаға екі мың теңгеден алып отыратынмын. Күйеумді шақырып, жұмыспен қамту орталығына барып, №42 мектепке орыс тілі пәні мұғалімі болып тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналасқалы бері жағдайымыз да жақсы. Жаңа жылдан кейін айлық табысы да көтерілді деп жатыр.  Оған да қуанып жатырмыз.

Өңірдегі  бюджеттік  мекемелерде еңбек ететін  40 мыңдай   жұмысшының жалақысы орташа есеппен 35 пайызға көтерілді. Ал, ең

төменгі айлық Жолдауда жүктелген межеге сәйкес 42 500 теңгеге  өсті. 

СЕРҒАЛИ АЙДАПКЕЛОВ   ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ  23 кәсіпорын осы қолдауды жасап, бүгін өзінің жұмыскерлерінің айлық көрсеткішін көтеріп отыр. Нәтижесінде бүнінгі күні облыс көлемінде жеке 1609 кәсіпорында 20900 жұмыскерге 42,500 жалақы төлейтінін растап отыр. 28 мыңнан 42,500 ге көтереліп отыр.

 Жалпы Жамбыл облысында 345 мың жұмысшы  бар.  Оның ішінде  100 мыңнан астам азамттың  айлығы жаңа жылдан бастап  еселенді. Бұл аймақтағы жұмысшылардың 34 пайызын құрайды.

С. Әлдебай

Ғ. Айдарқұлов  «жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ  ҚАЙРАТКЕРІНІҢ  РУХЫНА ТАҒЗЫМ
14:16, 14 қаңтар 2019
МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Толығырақ...