ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ

19:17, 10 қыркүйек 2019


Бүгін жалпықазақстандық ашық диктант жазу акциясы өтті.   «2019 – Жастар жылы» атты тақырыпта диктантқа Әулиеаталықтар да қатысты.  Еріктілер латын қарпінде диктант жазып, сауатын жетілдіре түсті. Әріптесім Келбет Шәмші жалғастырады.  

Ашық диктант – мемлекеттік тілді білуге қатысушылардың қызығушылықтарын арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды мақсат етеді. Аталмыш шара республикалық «Мың бала» жобасының аясында өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар «әрбір адам үшін сауатты жазу  маңызды» дейді.
 

Кенжебай Өмірбеков – Қоғамдық келісім әдістемелік бөлімінің әдіскері


Латын қарпіне негізделген диктант жазуға 40-тан астам адам  жиналды. Олардың құрамында этномәдени бірлестік өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер бар. Халықпен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлер болғандықтан латын қарпін олардың бірінші кезекте меңгеруі маңызды. Бүгін қолдарына қалам алып, латынша диктант жазуға келгендер заман талабына сай білімді болу керек дейді.

Мереке Мелдеева - Кітапханашы
 

Айта кетейік, жалпықазақстандық ашық диктанты бір уақытта  аймақтың барлық аудандарында өткізілді. Алдағы уақытта акция жалғасын табатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...