ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

20:20, 24 тамыз 2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал». Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін облыстық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі биыл осындай тақырыпта өтті. Кеңес отырысында өткен жылғы білім саласындағы табыстар мен кемшіліктер сараланып, алдағы жұмыс жоспары нақтыланды.  Жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен ҚР Парламенті сенатының депутаты Абдалы Нұралиев, облыстық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары және білім саласының қызметкерлері қатысты.

Жалпы, өткен жылды өңірдің білім саласы табысты аяқтады.  2017 -2018 жылғы оқу жылына 106, 1 млрд теңге бөлініп, алдыңғы жылдармен салыстырғанда 16 пайызға өскен. Қазір облыста 4,9 млрд. теңгеге 14 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр.  Алдағы оқу жылына облыс бойынша 9 мектеп пайдалануға берілмекші. Білім беруді дамытуға  бағытталған мемлекеттік бағдарламалар өз деңгейінде жүзеге асырылуда.  Қазіргі таңда облыстағы жекеменшік балабақша үлесі 25 пайызды құрайды. Өңірдегі 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көлемі 91 пайыздан асты.

Рахия ТҰРМАХАМБЕТОВА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қазір облыста заман талабына сай, кәсіптік-техникалық білімге баса назар аударылып отыр. Бұл ретте колледждер дуалды оқыту жүйесі бойынша облыстағы өндіріс кәсіпорындарымен келісім-шарт негізінде жұмыс істеуде.Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» аясында 3 колледжге арнап жеке жатақхана салу үшін тиісті жер телімдері бөлінді. Ондағы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құжаттамалар дайындалуда. Өткен оқу жылында Жамбылдық оқушылар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 143 медалға ие болды. Республикалық олимпиадалардың нәтижесі бойынша жамбылдық өрендер 7 жыл қатарынан «Үздік олимпиадалық команда» атағын қанжығасына байлауда.

Сапалы білімнің тағы бір кепілі – білікті кадр. Білім берудің бәсекеге қабылеттілігін арттыру –барша мұғалімдерге ортақ міндет.  Осы орайда облыс әкімі Асқар Мырзахметов ұстаздар қауымына артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр екендігін, сондықтан, білім сапасына ерекше екпін беру қажеттігін баса айтты. Биылғы тамыз конференциясында аймақ басшысы білім саласына қатысты бірқатар өзгерістерді де жеткізді. Ол жаңа жүйеде жұмыс істеу, цифрлы Қазақстан жобасын мектептерге енгізу мен жекеменшік –әріптестік саласын дамыту секілді маңызды қадамдар.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ (Жылда білім саласын қаржыландыру өсіп келеді.  Ал, бөлінген қаржыға заман талабына сай инновация енгізу, жаңа технологияларды енгізу, стандарттар қосудың барлығы да жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған болады. Жаңа оқу жылында Тараз қаласында ақпараттық технологиялар бойынша мамандандырылған IT лицей-интернат ашылады. Мақсат: математика және физика пәндерін тереңдетіп оқыту. Өңірімізде мұғалімді жұмысқа қабылдау 1 қазаннан бастап, автоматты түрде жүргізілетін болады. Үміткер өз өтінішін онлайн режимде жолдап, конкурсқа қатысады. Баларды мектепке қабылдау да автоматты түрде жүзеге аспақшыКеңес соңында облыстың білім беру саласына сүбелі үлес қосқан бірқатар ұстаздар облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталып,  «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медальдары табысталды. Ал білімділік бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізген Білім- инновация мектеп –интернаты облыс әкімі қолынан 22 млн. 627 мың теңгенің сертификатын алды.   

 

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...
JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
12:23, 9 қараша 2018
JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
Толығырақ...