Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

19:47, 23 тамыз 2017

Бүгін Меркі ауданында облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында қалалық және аудандық қоғамдық кеңестердің атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары талқыланды.

Елбасының «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бесінші реформасын жүзеге асыратын Ұлт жоспарының 99 қадамына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулердің бірыңғай жүйесін қалыптастыру керектігі айтылған. Осы бағытта облыстық қоғамдық кеңес бірқатар ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. Бүгінгі өткен жиында осының бір айғағы.

Жандар Кәрібаев, Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы

Қоғамдық кеңестер әріптестік негізде жұмыс істеу керек. Әр қайсы өзінше дербес жұмыс істеу керек. Десе де, осыларды үйлестіріп отыратын бір орган керек секілді. Елбасының жүктеген міндеттерін орындау үлкен жұмыстарды қажет етеді.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңес мүшелері халықпен кездескенде тек түсіндірме жұмыстарымен шектелмей, көтерілген мәселенің шешімін табуға тырысады. Кеңейтілген кеңес отырысында Тараз қаласы мен аудандық қоғамдық кеңес төрағалары атқарылған жұмыстарын ортаға салды.

Қаржаубай Бекболатов, Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы

Қала бөлінген қаражатты игере ала ма? Жылдың басынан бастап неге жоспарланбаған? Деген секілді мәселелер. Осындай сұрақтарды қараймыз...

Бұдан бөлек, қоғамдық кеңестердің жұмысын үйлестіру мәселелері қаралды. Меркі ауданына табан тіреген қоғамдық кеңестің мүшелері өңірдегі орталық тарихи-өлкетану музейінде болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Данияр Асқарұлы, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...