ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

Жамбыл облыстық мәслихатының сессиясында

19:22, 6 қараша 2017

Бүгін Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс шақырылған 16-шы сессиясы болып өтті. Онда депутаттардың назарына ұсынылған бірқатар мәселелер қаралды.

Жамбыл облыстық мәслихатының бүгінгі сессиясында Т.Рысқұлов ауданындағы №31- сайлау округі бойынша депутаттыққа үміткерлердің сайлау қорытындысы айтылды. Аталған аймақтағы халықтың басым бөлігі «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеевке дауыс берген. Облыстық мәслихаттың депутаты атанған Шүкеев мырзаға куәлік пен төс белгі салтанатты түрде табыс етілді.

Бұдан бөлек, сессия барысында Қордай ауданындағы «Қасық» ауылын Әлжан ана атауына өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Мұны депутаттар бір ауыздан қолдады. Себебі, Әлжан ана Қазақстан Республикасының тұңғыш президентін дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Сондықтан, халық қалаулылары да бұл игі бастаманы барша аналарымызға деген құрметтің белгісі деп біледі.

Масат Берік, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасымен сәйкес келіп отыр. Жамбыл облысында айтулы азаматшалар ғұмыр кешкен. Әйел адамдардың орны ерекше..

Мейрамбек Төлепберген, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты

Кез-келген мемлекеттің ұлттық құндылықтары әйел баласын құрметтеуден басталады. Бұл кісінің атына берілген ауылдың көркемдік сипаты ерекше әдемі болу керек. Алтын құрсақты анаға деген құрметті біз қолдацмыз. Өте орынды..

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың кезектен тыс шақырылған 16-шы сессиясында басқа да мәселер қаралды.

Данияр Асқарұлы Өміртай Ыбырай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...