ШҰҒЫЛ! ФУТБОЛ: ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ Толығырақ

Жамбыл облысы Әділет департаментінің атқарған жұмысы

22:00, 11 қаңтар 2017

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы бойынша Әділет департаментінің өткен жылғы атқарған жұмыстары баяндалған брифинг өтті. Онда  мамандар әділет органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы функцияларына да тоқталып өтті.

Жалпы 2016 жылдың 12 айында халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келіп түскен құжаттар бойынша, 47 837 жылжымайтын мүлікке  мемлекеттік тіркеу жүргізілген. Оның 14 360-на қызмет түрі электронды түрде көрсетілген. Сонымен қатар, мүлікті жария ету барысы бойынша кездескен мәселелер оң шешіліп, барлығы заң жүзінде рәсімделген. Мұнан өзге облыста бүгінде 52 жеке сот орындаушысы, оның ішінде 34-і Тараз қаласында өз қызметтерін атқаруда, өйткені Ұлт жоспарының 27-ші қадамында жеке сот орындаушылар институтын дамыту көзделген. Осыған байланысты халықты мазалап жүрген сауалдар мен құқықтық нормативтерді түсіндіру барысында Сарысу, Талас, Жуалы және Жамбыл аудандарында тұрғындармен кездесулер өткізілген.

Дәурен Дайрабаев, Жамбыл облысы бойынша Әділет департаменті басшысының орынбасары

Жалпы 2016 жылғы атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызмет түрелрі 100 пайызға орындалды десек болады. Сонымен қатар келіп түскен арыз шағымдар да қаралып, тиісті орындарға жолданған болатын...

 

Нұрдос Сембеков «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢСЫЗ АРАҚ – ШАРАП ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ
20:30, 24 мамыр 2018
ЗАҢСЫЗ АРАҚ – ШАРАП ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизиялық байқауының аудандардағы іріктеу кезеңі аяқталды
12:30, 21 мамыр 2018
«Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизия...
Толығырақ...
ЗАҢНАН АТТАҒАН  БАСШЫЛАР ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫЛДЫ
20:30, 18 мамыр 2018
ЗАҢНАН АТТАҒАН БАСШЫЛАР ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...