ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ БАҚЫЛАУДА Толығырақ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ШУ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

19:26, 4 шілде 2019

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Шу ауданына жұмыс сапарымен барды. Онда ауласындағы бос жатқан жерлерін тиімді пайдаланған азаматтармен кездесіп, Қонаев ауылының тұрғындарымен де жүздесті. Жалпы, бүгінде Шу өңірінде қосалқы шаруашылықты дамытып отырған жандар көп.

Ауылдағы ағайынның басым бөлігі  табыстың көзін алыстан емес, өз ауласынан табу керек. Сондықтан, оған деген қызығушылық артып келеді. Мәселен: бірі  есік алдындағы  бос жатқан жеріне көкөніс  ексе, енді бірі төрт-түлігін баптап, мал басы санын арттыруда. Мәселен: Бірлікүстем ауылдық округінің тұрғыны Дарын Қожаев өз ауласындағы 25 соттық жерде көкеністің  барлық түрін өсіріп отыр. Ол жоғары сұрыпты голландиялық қызанақ тұқымын еккен. Мақсат, өнімді молынан алу. Міне, бұл шағын ғана шарбақты тиімді пайдалануға болатындығын тағы бір көрсетті.

Дарын ҚОЖАЕВ  АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Тағы бір Шулық шаруа Жайдар Серкебаевты ауласындағы бос жатқан жерін тиімді пайдаланған азамат деп айтуға болады. Ол есік алдынан мал бордақылау кешенін ашып, жылда екі рет 150 бас қой мен 20 бас жылқы байлайды. Оның етін үлкен қалаларға жөнелтеді. Ауыл тұрғыны мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, енді бордақылау  алаңының аумағын кеңейтсем дейді.

Жайдар СЕРКЕБАЕВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Ал, жеке кәсіпкер Нұрзат Қошқарбаев өз ауласында ерекше істі бастағалы, табыс көлемі арта түскен.  Өйткені, үй іргесінен  құм блогы мен бурчатка шығаратын  шағын зауыт ашқан. Қазіргі таңда жер төсеніштерінің 6 түрін нарыққа шығарып отыр.  Сапасы жоғары. Сондықтан тапсырыс берушілердің де қатары артқан. Алдағы уақытта кәсіп иесі ісін кеңейтуді қолға алғалы отыр.

Нұрзат ҚОШҚАРБАЕВ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Жалпы, барған барлық ауылдардан жұртшылық тарапынан жылы пікір қалыптасып келе жатқаны бірден байқалды. Себебі, үй ауласындағы бос жатқан жерлерді тиімді пайдалануды көпшілік құптайды. Ал, оны дамытуға көмек болса нұр үстіне нұр болар еді дейді ауыл тұрғындары.

Шу ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі аудан активімен кездесті. Мұнда ауыл әкімдерін жеке тыңдаған аймақ басшысы әлі де бастапқы мағұлыматтардың терең зерттелмегенін айтты. Ол үшін ортада нақты түсінік керек. Себебі, қосалқы шаруашылық бір адамға емес, бүкіл ауыл тұрғындарына пайдалы болатын іс.

Жиын соңында арадағы аз уақытта кеткен кемшілікті түзетіп,  атқарылуы тиіс шаруаны пысықтау мәселесі  тапсырылды. Себебі, қарапайым заттар экономикасы  бүгінгі күннің маңызды шаруасы болып отыр. Жиыннан кейін облыс басшысы Шу қаласы тұрғындарымен де кездесу өткізді.

Айбол ҚАРАШ "ЖҚ"

Тақырып бойынша материалдар

ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
21:12, 13 желтоқсан 2019
ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
19:05, 12 желтоқсан 2019
ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...