ШҰҒЫЛ! ФУТБОЛ: ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ Толығырақ

Жамбыл облысы әкімінің жұмыс сапары

13:05, 13 ақпан 2018

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болды. Бұған дейінгі жаңалықтарымызда жаңа форматта өткізіліп жатқан басқосуларға басқарма басшыларының дайын болмағандығы баса айталған болатын. Бұл жолы ескертулерден нәтиже шыққандығы байқалады. Жауапты мамандар актив жиынына тыңғылықты дайындықпен келген.  Сонымен қатар аудан тынысымен танысқан өңір басшысы шешімін күткен мәселелерге жіті мән беріп, сала басшыларына нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.

Аймақ басшысы Жамбыл ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарының тыныс-тіршілігімен танысты. Әуелі аудан аумағындағы Талас өзенінің жағалауына барды. Жыл сайын Қызылқайнар елді-мекеніндегі тұрғындарға қауіп төндіретін су арнасын бекіту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұдан бөлек, Асқар Мырзахметов аудандағы ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерінің жұмысын көрді. Шаруаны ширату үшін нақты ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, аудандағы алып  ет өңдеу комбинатына ат басын бұрған облыс әкіміне, бұдан өзге бірқатар әлеуметтік нысандардың бүгінгі күйі таныстырылды.

Өңір басшысының Жамбыл ауданындағы жұмыс сапары актив жиынымен қорытындыланды. Шаруасы шатқаяқтаған бірнеше саланың мәселелері айтылды. Атап айтар болсақ, өткен жылы аудан да 2000 гектар жерге қант қызылшасы егілген. Бірақ, зауыттарға өткізген өнім көлемі бар болғаны 37 пайызды құрап отыр. Кеткен кемшілікке жауаптылар нақты жауап бере

Облыс әкімі мен аудан әкімінің орынбасары

Басты байлық денсаулық десек.. Ауданда жоғары санатты дәрігерлер өте аз болып отыр. Интернет желісімен қамтылуда өз деңгейінде емес.

Марат Жұмақұлов, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласының да жағдайы мәз емес. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы басшысының айтуынша қазір ауданда 49 кәсіпкерлік нысан жұмыс істемей тұрған көрінеді.

Қарлығаш Арабекова, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасының басшысы

Жамбыл ауданы облыс орталығына жақын орналасқандықтан жер мәселесінде шешілмеген жәйттер көп. Талай жер мамандардың қателігінен жекеге өтіп кеткен.

Серікбай Тәпиев /Жамбыл облысы әкімдігінің жер пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы

Сонымен, Жамбыл ауданының ауылшаруашылық саласында да, кәсіпкерік көкжиегінде де дамудың мұмкіндіктері мол. Тек ол үшін жергілікті атқарушы билік  тиімді жұмыс істеу керек. Осылай деген Асқар Мырзахметов өңір әлеуетін арттыру үшін әуелі экономикаға ден қою керектігін баса айтты.

Данияр Асқарұлы, Ғалымжан Есенбаев  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢСЫЗ АРАҚ – ШАРАП ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ
20:30, 24 мамыр 2018
ЗАҢСЫЗ АРАҚ – ШАРАП ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизиялық байқауының аудандардағы іріктеу кезеңі аяқталды
12:30, 21 мамыр 2018
«Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизия...
Толығырақ...
ЗАҢНАН АТТАҒАН  БАСШЫЛАР ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫЛДЫ
20:30, 18 мамыр 2018
ЗАҢНАН АТТАҒАН БАСШЫЛАР ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...