ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

Жамбыл облысы әкімінің жұмыс сапары

20:35, 13 ақпан 2018

Бүгін аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Байзақ ауданына барды. Бірқатар өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Тұралап тұрған тірлікті көрді. Аудан активімен жиын өткізіп, шешімін күткен мәселелерге ден қойды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.

Облыс әкімі Байзақ ауданындағы «Бақытжан-16» деп аталатын ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне барды. Жеңілдетілген несие алып жұмысын бастаған шаруашылық қазіргі таңда 800 бас сиыр сауып, күніне 1,5 тоннаға дейін сүт өткізіп отыр. Құрамына 42 адам кіретін кооперативтің мүшелері жайылым жер жетіспейді деп отыр. Ауыл тұрғындары аймақ басшысына осы және басқа да мәселелерді айтты.

Облыс әкімі мен кооператив жетекшісінің диалогы:

Кооператив жетекшісі: Жайылым мәселесі қиын. Жайылым жоқ. Суармалы жер жоқ. Қаржылай қолдау қорынан несие сұраса кепіл керек дейді. Бізде кепіл жоқ мал алып қойғанбыз. Мемлекет кепіл болып алып берсе?

Облыс әкімі: Бәрі бірден болмайды. Жер мәселесі өз алдына. Бордақылауға еш кедергі жоқ. Ауылды көтереміз десек.. Осының бірден – бір жолы осы кооператив. Жалғыз сүтпен көтере алмайсыз.

Бұдан бөлек, Асқар Мырзахметов Байзақ ауданындағы ірі кәсіпорындарының бірі «Жамбыл құс» ЖШС-де болды. Құс фабрикасы өткен жылы 20 мыңға жуық тауықтан 21 млн дана жұмыртқа алған. Кәсіпорын басшысы үкіметтің қолдауымен қондырғылар алғысы келетінін жеткізді. Ал, облыс әкімі бұл тұста жан-жақты ойласатын жәйттер бар екендігін айтты.Сондай-ақ, өңір басшысы Құмжота ауылы маңындағы бұрынғы түзеу мекемесінің қазіргі жағдайын көріп, алдағы уақытта бұл ғимараттарды тиімді пайдалану қажеттігіне тоқталды. Бұдан кейін Байзақ аудандық орталық емханасына барған облыс әкіміне жауапты сала басшысы үкіметке жаңа емхана салу туралы ұсыныс бергенін айтты. Өйткені қазіргі емхана тұрғындар үшін тарлық етуде. Асқар Мырзахметовтың Байзақ ауданындағы жұмыс сапары актив жиынымен жалғасты. Аймақтағы басты мәселе, аудан әкімі мен ауыл әкімдерінің арасында тиімді жұмыс жоқ, яғни байланыс жоқ екендігін байқауға болады. Мәселен, 4-деңгейлі бюджетті енгізу бойынша ауыл әкімдері өздеріне жүктелген міндетті орындай алмай отыр. Осыны ескерген облыс әкімі ауыл әкімдерінен нақты жауап беруді талап етті. Алайда, тұтас ауданнан  бір ғана ауылдық округ әкімі жауап берді.

Бұдан бөлек ауданның әлеуметтік саласындағы мәселелер де назардан тыс қалмады. Аймақта кәсіпкерлік саласы кенжелеп тұр. Себебі, 97 кәсіпорыннның   35-і мүлдем тоқтап тұр. Бұның шешу жолы жаңадан кәсіпорындар ашуға талпынбай, жұмысы тұралаған өндіріс орындарын қайта іске қосып қуаттылығын межелі деңгейге жеткізу тапсырылды.

Асқар Мырзахметов, Жамбыл облысының әкімі

Сонымен,аймақ басшысының Байзақ ауданындағы жұмыс сапарының түйіні мынадай болды. Ауданның бюджетін көтеріп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін артыру мақсатында өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығын дамытуға күш салу керектігі жүктелді. Осы қос бағытта арнайы жұмыс тобы құрылып, даму картасы жасалатын болды.

Данияр Асқарұлы, Нұртаза Шоқатаев, Тоқтар Терлікбаев «Жаңалықтар қызметі»

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...
JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
12:23, 9 қараша 2018
JAMBYL ТЕЛЕАРНАСЫ ЭСТАФЕТАНЫ ҚАБЫЛДАП АЛДЫ
Толығырақ...