Жамбыл облысы толықтай сандық хабар тарату желісімен қамтылған

20:00, 16 мамыр 2017   64

Сандық хабар тарату желісін енгізу және дамыту. Бүгін өңірлік коммуникациялар орталығында осы мәселеге байланысты баспасөз мәслихаты болып өтті.

Бүгінде Жамбыл облысының 98,9 пайызы осы заманауи хабар тарату желісімен қамтылған. Бұл дегеніміз 1 млн 10 мың  адам  жоғары сапалы  телевизиялық арналарды  тамашалауда.  Ал облыс бойынша кез-келген тұрғынның «Отау тв» теледидарына қосылуға мүмкіндігі бар. Бұл жобаларды жүзеге асыру үшін  республика бойынша 51 млрд.  теңге қаржы бөлінген. Бұның барлығы «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. 2013-2016 жылдары Жамбыл облыстық радиотелехабар тарату дирекциясымен 43 сандық эфирлік стансалар орнатылған.

Қадыр Қосақбаев, «Жамбыл облыстық радиотелехабар тарату дирекциясы жөндеу және алдын-алу қызметінің» басшысы

2013 жылы сандық хабар тарату енгізілгеннен бастап, Жамбыл облысы тұрғындарының 23 телевизиялық арналарды көруге мүмкіндігі туды. Осы тізімнің ішінде біздің «Қазақстан-Тараз» облыстық телеарнасы да бар.

 

Шерхан Абделиев «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40