ШҰҒЫЛ! Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі Толығырақ

Жамбыл облысындағы экологиялық жағдай

20:25, 13 ақпан 2018

Қазіргі уақытта өңірдің  экологиялық жағдайы көңіл көншітпейді. Облыста жыл өткен сайын түрлі жаңа  өндіріс орындары ашылып, нәтижесінде  сыртқа шығарылатын химиялық қалдықтардың саны артқан. Бұған қоса, автокөліктердің көбеюі де ауаның ластануына кесірін тигізуде. Өңірлік комуникациялар қызметінде өткен брифингте эколог мамандар осылай деп дабыл қағуда.

Қазіргі уақытта облыста өңірдегі атмосфераның ластануын бақылайтын 9 бекет жұмыс істейді. 2017 жылы жүргізілген мониторингке көз жүгіртсек, Жамбыл облысындағы ең лас қалаға- Қаратау жатады. Мұндағы ластану деңгейі-7,39 көрсетіп отыр. Тараздағы жағдай да мәз емес. Ластану көсеткіші-5,37 құрап отыр.  Себеп......

Ерлан Қойшыбаев,Жамбыл облысы бойынша экология ДЕПАРТАМЕНТІ басшысының орынбасары Соңғы он бес жылда өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 2,5 есеге артса, кейінгі алты жылдың өзінде облыста жаңадан 50-ге жуық өндірістік нысандар іске қосылды. Осыған байланысты ауаға шығарылатын зиянды заттардың да көлемі ұлғайып келеді.Мысалы, облыс бойынша осыдан он жыл бұрын атмосфераға өндіріс орындарынан жылына шамамен 20,0 мың тонна зиянды заттар шығарылса, қазір, бұл көрсеткіш 70,0 мың тоннадан асты.\

 

Ауаның ластануына автокөліктерден  шыққан түтіннің зияны орасан екені мәлім. Мәселен,  2007 жылы бір ғана Тараз қаласында 90 мыңнан астам көлік болса, қазір бұл көрсеткіш 3 есеге артқан.  Салдарынан ауа құрамындағы азоттың қос тотығы мен көмір тотығы шамадан тыс көбейген. Бұл адам денсаулығына кері әсер ететіндігі айтпаса да түсінікті. Ал, шаһардан шығатын шайынды суларды тазарту қондырғыларымен  қамтамасыз етілмеуі ең күрделі экологиялық мәселе болып тұр.

Ерлан Қойшыбаев,Жамбыл облысы бойынша экология ДЕПАРТАМЕНТІ басшысының орынбасары  Сүзу алаңдарының тұрақты гидравликалық артық жүктемесінен жерасты суларының ластану фактілері орын алуда. Бұл сол маңайда орналасқан елді мекендердің ауыз суына зиянды әсерін тигізіп, ауылшаруашылығы жерлерінің бүлінуіне әкелетіні белгілі.Өткен жылдың қыркүйек, қараша айларында сол маңайдағы жер асты суларына талдау жүргізу үшін бақылау ұңғымаларынан сынамалар алынды. Нәтижесінде жер асты суларындағы нитраттың мөлшері 2 ұңғымада рұқсат етілген шектен 5,1 және 4,3 есе артық екендігі анықталды.\

Қазіргідей  экономикалық дамыған заманда әртүрлі өндіріс орындарының  қанат жаюы заңдылық. Дегенмен, экологиялық талаптарды сақтап, қоршаған ортаға зиян тигізбеу ең басты міндет.

Г.Сейдуллақызы, Ғ.Есенбаев «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі
20:35, 23 ақпан 2018
Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі
20:39, 21 ақпан 2018
Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі
Толығырақ...
Облыс әкімі  Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды
20:35, 22 ақпан 2018
Облыс әкімі Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды
Толығырақ...