ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

ЖАМБЫЛДА СУАРМАЛЫ АЛҚАП КЕҢЕЮДЕ

18:17, 13 тамыз 2019

Жамбыл облысында биыл 4713 гектар суармалы алқап қалпына келтірілді. Бұл шаруалардың қыс азығын жаз ойлап,  егін егіп мол өнім алуларына тағы бір мүмкіндік. Бұл жұмыстарды атқаруға өткен жылы ауыл шаруашылығы басқармасы жанынан «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіп орыны құрылған болатын. Ел игілігі үшін еңбек етіп жатқан жандардың жұмысын біздің арнаның тілшілері де көріп қайтты.

Бұған дейін Жуалы ауданындағы елді-мекендер судан тарығып келген болатын. Енді міне, Ақсай және Көксай каналдары тазаланып, жұмыс аяқталуға жақын. Ал, ауыл азаматтары бұл құптарлық іске, өз алғыстарын айтуда.

Нұрсейіт МЫРЗАХМЕТОВ – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ/ Бізде бұрын малға да егінге де су тапшылығы кездесетін. Міне енді каналдар тазаланса, бұл мәселе шешілмек. /

«Талас-Аса» су шаруашлығы қазіргі таңда ұзындығы 62 шақырым су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, 19 каналды тазалап, жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.

Зиятхан ӨМІРАЛИЕВ – АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Шаруашылық жыл аяғына дейін Талас ауданындағы Тамды суару жүйелері алқабындағы 16 шақырым каналды тазалап қалпына келтірмек.

Н.Сембек, Р.Бегалы «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар