ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

Жамбылда Ұлыстың Ұлы күні 9 күн тойланады

20:30, 13 наурыз 2018

Биыл ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі  жылдағыдан ерекше аталып өтілмек. Ертеңнен, яғни 14-ші наурыз күнінен бастап облыс орталығында 9 күн бойы түрлі мәдени, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің баспасөз орталығында айтылды.

Наурыз – бірлік пен табиғат жанаруының нышаны болған бүкілхалықтық мереке. Ал, Жамбыл облысында Ұлыстың Ұлы күні 9 күн қатарынан тойланатын болды. Бүгін өз жұмысын облыс әкімдігінің баспасөз орталығында ұйымдастырушылар әр күннің өзіндік ерекшеліктері бар екендігін атап өтті.

Біржан Сөктай  Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі  Мейірім күнінде атқарушы билікке қарасты мекемелер қайырымдылық іс-шаралар өткізеді. 16-наурыз тағзым күні. Ұлы Отан соғысында және басқа да жерде шейіт болған азаматтардың рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылады.

Бұдан бөлек, «Наурыз шашу», «Ынтымақ», «Шаттық күні», «Үйлесім күні» деп аталатын іс-шаралар аясында жергілікті жұртқа арналған түрлі сый-сыяпаттар жасалып, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталатын болады. Наурыз мейірімділікті, бірлікті, берекені әспеттейтін мейрам. Сондықтан бұл күні көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мұң-мұқтажы ескеріліп, қайырымды жандардың қамқорына бөленеді.

Кенжебек Олжабай / Тараз қаласы әкімінің орынбасары / Қарттар үйінде үлкен концерттік бағдарламалар, қайырымдылық іс-шаралар осы жерден басталады. Елбасының атындағы саябақта талдар отырғызылып, тазалық жұмыстары жүргізілетін болады.

Ал, негізгі мерекелік іс-шаралар наурыздың 21-22-сі күндері өтеді. Көпшілікке наурыз көже таратылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Театрландырылған көріністер қойылып, концерттік бағдарламалар қала тұрғындарына ұсынылатын болады.

Данияр Асқарұлы, Сапар Серікұлы «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
20:30, 21 қыркүйек 2018
«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...