Жамбылдық 11 суретші «Қазақстан халқының өнері» атты кітапқа енді

20:04, 12 қазан 2017

Достық үйінде «Қазақстан Халқының өнері» атты кітаптың  тұсаукесер рәсімі болып өтті. Онда 11 жамбылдық суретшінің шығармалары енгізіліп отыр.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген фотокітап Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы өнеріне арналған. Онда еліміздің 132 суретші-мүсіншілері менсәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары бар. Сонымен қатар, Жамбыл облысының 11 суретшісінің  шығармаларын осы кітаптан кездестіруге болады.

Вера Майкович, «Қоғамдық келісім» КММ әдіскері

Мұнда жамбылдық суретшілерден корей, 2 поляк, өзбек, 2 дүнген, қазақ және орыс ұлтының өкілдері кірді. Қараңыздаршы, тіпті 8 ұлттан құралған 11 азаматтың өзі ерекше көрінеді. Біз жамбылдық суретшілерімізбен мақтанамыз. Оларға үшін өте қуаныштымыз. Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.

Мұндай кітаптар сирек шығарылады. Бұл көптеген адамдардың үлкен еңбегінің нәтижесі. Кітаптың соңғы бетінде материалдарды жинақтауға көмектескендерге редакцияарнайы алғыс білдірген. Олардың қатарында жамбылдық азаматтардың есімдері де бар.

Николай Денисов, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі

Бұған қалай қол жеткіздік? Бұл ең алдымен осы іске деген сүйіспеншілік, суретші болу бала кезімдегі арманым еді. Мен шығармашылық адамдардың жанында жүріп үйрендім. Қол жеткізген жетістігімнің барлығы  менің еңбегімнің, менің табандылығым мен арманымның арқасы. Әрине, мен осы кітапқа кіргеніме өте қуаныштымын.

Альбина Синявская, сәндік-қолданбалы өнер шебері

Мен үшін бұл жаңа қадам, жаңа бағыт. Осы жасымда үлкен суретшілермен бірге менің де шығармаларым кітаптан орын алады деп ойламадым. Бұл кітаптың шығуын асыға күттім.

5000 данамен жарық көрген кітап қалың оқырманға арналған.Бұл өз кезегінде елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтай отырып, әр ұлттың өнерін насихаттауға бағытталған.

Ақерке Бектас,  Асқар Әділов, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Елбасы мақаласы - болашаққа бағдар жасайтын маңызды құжат
18:49, 17 қазан 2017
Елбасы мақаласы - болашаққа бағдар жасайтын маңызды құжат
Толығырақ...
Мемлекеттік саятатты жүзеге асырудағы діни қызметшілердің ықпалы
18:48, 17 қазан 2017
Мемлекеттік саятатты жүзеге асырудағы діни қызметшілердің ық...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

“Үздік бастауыш партия ұйымы” байқауының жеңімпаздары анықталды
19:10, 13 қазан 2017
“Үздік бастауыш партия ұйымы” байқауының жеңімпаздары анықта...
Толығырақ...
Бағалау жүйесін қолданудың тиімді жолдары
14:40, 11 қазан 2017
Бағалау жүйесін қолданудың тиімді жолдары
Толығырақ...