ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ

18:57, 11 қыркүйек 2019

 

11 жасында Құранды жаттап, 14 жасында елге танылған жас қари Дулат   Қалығұлов қазақ елінің туын асқақтатты. Ол Түркия мемлекетінде  өткен Құран сайысында әлемелдерінен жиылған қарилардан дара шығып, «Алтын белгі» иегері атанды. Барлық қатысушылардан оқ бойы озып, араб елдерінің өкілдерін таңдай қақтырған Дулатпен тілдесіп қайтқан тілшіміз Қасымжан Байкүшіков әңгімелейді.

Алланың кәләмі болған Құран кәрімді жаттап шығу екінің біріне бұйыра бермейтін бақыт. Мектепке бармастан, алты жасында арабша әріп таныған Дулат, үйдегі бес баланың ортаншысы. Кішкене күнінде ақ, баласының қабілетін байқаған әкесі, Дулатты тоғыз жасында Бангладеш мемлекетінің астанасы Доха қаласындағы қарилық медресеге береді.

Дулат Қалығұлов ҚАРИ

Аталған жүйріктер додасына Мысыр, Сирия, Бахрейн, СаудАрабиясы, Имен, Индонезия, Малайзия сынды алпауыт мемлекеттерден келген 700 дей үміткер қатысқан. Әлеуметтік деңгейге ие «алтын белгіні» қанжығаға байлаудың шарттары да оңай болмаған. Ал, Дулаттың анасы құран жаттағандағы ниетіміз мұндай жарыстарға қатысу үшін емес, бәрі де бір Алланың разылығы үшін дейді.

Сәуле Шалбұлова Дулаттың анасы

Білікті құран мамандарының алдында сан түрлі сұраққа жауап беріп, Алланың кәләмін кез келген жерінен мүдірмей оқып, сол аяттың тарихына дейін айтып беру оңай болмаған. Сыннан сүрінбей, нақты 100 ұпаймен «алтын белгіні» иеленген жерлесіміз, жеңісім көптің дұғасының жемісі екендігін айтады.

Дулат Қалығұлов ҚАРИ

Айта кету керек бұл «Алтын белгі» - әлеуметтік статусқа ие. Құран жаттаушының деңгейін білдіретін құжат.

Құран адмзатқа берілген ұлы нығмет. Алла тағаланың адам баласына танытқан өлшеусіз мейрімі. Құранды басшылыққа алған пенде ешуақытта тура жолдан тайып адаспайды. Еліміздің тыныштығын, халықтың амандығын тілеп дұға ететін Дулат сынды қарилардың қатары көбейе берсін

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар