ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

ЖАМБЫЛДЫҚТАР СПОРТТЫ ҚОЛДАЙДЫ

20:10, 2 қыркүйек 2019

 

 

Жамбылдықтар салауатты өмір салтын қолдайды. Өңірдегі спортпен шұғылданушылар санының нақтылы кезеңде  29,6 пайызға өсу і – сөзімізге дәлел. Яғни, Елбасының бұқаралық спортты 30 пайызға жеткізу туралы пәрмені орындалды десе де болады.  Міндеттелген межеге жету үшін аймақта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Күні кеше Конституция күніне орай қалада жаппай жүгіру марафоны өтті. Желаяқтар орталық «Достық» алаңынан ҚР Тұңғыш Президентіне дейінгі қашықтықты бағындырды.

 

Таразда жыл сайын  әр мемлекеттік мерекеге орай жаппай жүгіру марафоны өтеді. Қуантарлығы, жыл артқан сайын қатысушылар саны да еселеніп отыр. Жас та, жасамыс та жүгіруге асық.  Айта кетейік, 1995 жылдан бастап мемлекеттік мерекелер қарсаңында ұйымдастырылатын шараның  басты мақсаты: бұқаралық спортты дамыту. Марафонға  500-ге тарта  қала тұрғыны қатысты. Сайыс соңында жеңімпаздар 3 категория бойынша арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ал спорттық сайысқа қатысқан барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. 

Назарбек ІЗІМБЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Қасымхан ТӨЛЕНДИНОВ  -   ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...