ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАМБЫЛЫМ ҚАНДАЙ ТАМАША

20:08, 22 шілде 2019

«Ерлік» мемориалдық кешенінде «Жамбылым қандай тамаша!» атты мерекелік кеш болып өтті. Жамбыл облысының 80 жылдығына орай, «Жастар жылы» аясында өткізіліп отырған шараны тамашалауға келген тұрғындар көп болды.

Бұл жолы Мойынқұм ауданының жалынды да дырынды жастары сахнада өз өнерлерін паш етті. Аудандар мен Тараз қаласының өнерпаздары үш ай бойы өңір қала тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынады. Маусым айының 14 нен басталған іс-шара қыркүйек айның 8 не дейін жалғасын таппақ.  Қала қала жұртшылығы аталған аудан өнерпаздарының өнеріне қол соғып, қошеметтерін аямады. Шырайлы шараның соңы одан әрі қарай ашық аспан астындағы көңілді биге ұласты.

Мейіржан Сейілдаев / Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің директоры

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар