Жаңа балабақша пайдалануға берілді

14:39, 7 желтоқсан 2017

Меркі ауданында балаларды мектепке дейінгі білім нысандарымен қамту соңғы екі жылда 32 пайыздан 47 пайызға дейін көтерілді. Бұл мемлекеттік жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатқан жаңа балабақшалардың көбейуінен болып отыр. Мәселен: ауданда 2016-2017 жылдары 7 балабақша пайдалануға берілген. Шу ауданында да балаларды балабақшамен қамту жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді.

Меркі ауданында биылғы жылы 4 жаңа балабақша ашылды. Ол бөбекжай кезегінде тұрған отбасылар үшін үлкен қуаныш. Ашылған нысандардың біреуі ғана мемлекеттік болса, қалғандарын жеке кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен мемлекеттік әріптестік негізінде салып отыр. Солардың бірі 75 балаға арналған «Балбала» балабақшасы. Іске қосылған жаңа нысанда 25 ауылдың қыз- келіншегіне тұрақты жұмыс орындары ашылды.

Мейірхан Өмірбеков, Меркі ауданының әкімі

Сіздер білесіздер бұған дейін 2200 бала балабақшамен қамтылса, оны біз 3000 нан асырдық. Яғни, алға қойған жоспардың үдесінен шықтық деп ойлаймын. Алдағы тәуелсіздік мерексеіне орай Ақермен ауылында тағы да 75 балаға арналған балабақша ашылады

Балабақша материалдық- техникалық жағынан толық қамтылған. Онда балаларды мектепке дейінгі білім берудің бес стандарты бойынша жұмыс жүргізіледі. Жалпы, Меркі ауданында жыл соңына дейін балаларды бөбекжаймен қамтуды 50 пайыздан асырамыз дейді сала мамандары. Балабақша салған жеке кәсіпкер тойхана, дүкен мен өзге де нысандар салуға болатын еді. Бірақ, барымызды балалардан аямауымыз керек дейді.

Ерғали Қалысбаев, жеке кәсіпкер

Жастарымыз өсіп-өнуі керек. Балабақшадан тәрбие алып, келешекте өздерінің білімін мектепте жалғастырады. Бұл округте 10 мыңнан астам адам тұрады

Шу ауданының Балуан Шолақ ауылында да жекеменшік мемлекеттік әріптестік негізінде «Амира» атты 50 орындық жаңа балабақша ашылды. Бұл ауыл азамттарының тұңғыш президент күніне орай өз туған жеріне жасаған жақсылығы. Бұл биылғы жылы Шу ауданында пайдалануға берілген бесінші нысан.

Асима Мырзабекова, балабақша меңгерушісі

Осы мерекеге орай аштық. Себебі бұл Елбасы саясаты. Ала осы балбақшада саналы ұрпаққа сапалы тәрбие береміз

Аудандардағы балабақшамен қамту жұмыстары мұнімен шектелмейді. Келер жылы да бұл жұмыстар кең көлемде жалғасын табады.

Айбол Қарашев, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар