ШҰҒЫЛ! ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА Толығырақ

Жаңа басқарманың тұсауы кесілді

20:30, 16 наурыз 2018

Жамбыл облысында ішкі және Халықаралық туризм сапасын дамытуға мүмкіндіктер өте  көп. Енді, мұны одан әрі жетілдіре түсуге жағдай жасалып отыр. Бүгін тараз қаласында Облыстық туризм басқармасы құрылды. Су жаңа департаментті тізгіндеу, Қарлығаш Аралбековаға жүктелді.

Жаңа басқарманың ашылу салтанатына түрлі туристтік фирмалардың өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатысының директоры, сондай-ақ, саланың өзге де мамандары қатысты. Басқосуға келгендердің әрқайсысы облыстағы туризмді дамытудың түрлі жолдарын ұсынып, ойларын ортаға салды. Айтуларынша, алдымен археологиялық ескерткіштерге алып баратын жол белгілері мен арнайы маршруттарды жүйеге келтіру керек. Өйткені, көптеген туристер аталған мәселелермен жиі ұшырасады. Сондай-ақ, басқарма қызметінің маршруты  көне ескерткіштермен ғана шектелмек емес. Департамент жанынан құрылған арнайы шығармашылық топ, келген қонақтарға жаңа туристтік орындарды таныстыратын болады. Олардың ішінде  балаларға арналған, спорттық, ат спорты, қымызбен емдеу, сондай-ақ, емдік шөптерді пайдаланып сауықтыру түрлері бар. Осылайша, экономиканың маңызды драйверлерінің бірі туризм саласын ілгерілету арқылы Жамбыл облысының туристтік беделін арттыратын боламыз деді мамандар. Сонымен қатар, жиын барысында жобаларды «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асыру мәселесі де талқыланды.   

Қарлығаш Аралбекова – Жамбыл облыстық туризм БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыру үшін, біздің қолымызда цифрлы туристік нысандардың картасы болу керек. ол картаның көмегімен пайдаланушылар туристтік орындар туралы барлық мәліметті біле алады. Қайда орналасқан? Ол жерде қандай қызмет түрлерін алуға болады? Міне, сол сияқты... Облыстың жаңа басшысы өңіріміздің дамуына арналған кез-келген бағдарламаны қолдап отыр. Өйткені біз, басқа аймақтардан қалыспай, уақыт ағымымен алға жылжып отыруымыз керек...

 

Тақырып бойынша материалдар

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
13:10, 20 сәуір 2018
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:30, 16 сәуір 2018
ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
20:30, 16 сәуір 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
Толығырақ...