ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ЕСКЕРТКІШКЕ ҰРПАҒЫ ДӘН РИЗА

20:15, 9 шілде 2019

Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары арнайы Тараз қаласына келді. Ондағы мақсат талайдан бері әлеуметтік желінің әңгімесіне арқау болған Жамбыл ата ескерткішін көзбен көру еді. Иә, көзбен көрді, куә болды, бағасын да берді.

Естеріңізде болса екі ғасырдың куәсі болған жыр алыбының ескерткіші  бұрынғы  базар маңынан алынып, облыс әкімдігі ғимаратының алдына қойылған болатын. Содан бері бұл тақырып кейбір қоғам белсенділерінің талқысына түсіп келеді.

 Арнайы мамандар мен ақынның ұрпағы алдымен Жамбыл атындағы руханият орталығына бас сұқты. Шөбересі атасының құнды жәдігерлері сақталған мұражайды көріп, фильмді тамашалады.

Мұратхан ЖАМБЫЛОВ  ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ШӨБЕРЕСІ 

 Мұнан соң ақынның шөбересі  әкімдік алдындағы еңселі ескерткіше барып тәу етті. Ескіні жаңғыртып, жаңаны жарыққа шығарған жергілікті биліктің шешіміне ризашылығын жеткізді.

Мұратхан ЖАМБЫЛОВ  ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ШӨБЕРЕСІ 

Шатырхан КЕРІМБЕК «БӘЙДІБЕК» ҚОРЫНЫҢ МҮШЕСІ

Әулиеата жеріне келгендегі мақсатымен бөліскен  баба ұрпағы көк базар маңынан алынып, қоймаға қойылған көне ескерткішті де көзімен көріп, ақиқатына көз жеткізді. Осылайша әлеуметтік желідегі жөн-жосықсыз жазылған кей арандатудың  орынсыз екенін айта келіп, маман пікіріне   де құлақ түрді.

Қуаныш ДӘУРЕНБЕКОВ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ - МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Мұратхан ЖАМБЫЛОВ  ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ШөБЕРЕСІ 

 Осылайша ұсыныстар қаралып,   жырға айналған жыраудың  ескерткіші туралы әңгімеге де нүкте қойылатын болады. 

Райхан Шәлібекқызы, Нұрлыбек Құдияр «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар