ШҰҒЫЛ! ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ФИЛЬМНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

16:20, 12 маусым 2019

Таразда  бірден екі фильмнің тұсауы кесілді. Туындылар  «Taraz film school» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Жастар ресурстық орталығы ұйытқы болған шараға шаһар тұрғындары мен ұйымдастырушылар қатысты.

Бұл деректі фильм "No Limits" деп аталады  яғни, туынды «шектеусіз»  деген мағынаны білдіреді. Кинофильмде үш жастың науқастығына қарамастан өмірге деген құштарлығы баяндалады. Олардың бірі спортпен айналысады, екіншісі ғылыммен, ал үшінші кітап жазады.

Руслан ТӨЛЕГЕНОВ – КӨРЕРМЕН

Ал екінші туындының аты «Қайсар» деп аталды. Бұл кинокартинадағы басты кейіпкердің есімі. Жұмыс іздеп сенделген жас жігіт, қылмыстық әлемге тап болады. Басты рөлді сомдап шыққан Мадияр Құрманбаевтың айтуынша, түсірілімде айтарлықтай еңбек етіпті.

Мадияр ҚҰРМАНБАЕВ – БАСТЫ РӨЛДІ СОМДАУШЫ

Фильмнің сценарийін Дәурен Қамшыбаев жазыпты. Сонымен қоса, кинотуындының режиссері де өзі. Түсірілім бастан аяқ Тараз қаласында өткен. Ал, актерлік құрам кино мектептің түлектері мен  кастинг арқылы жиналыпты.

Дәурен ҚАМШЫБАЕВ - РЕЖИССЕР

Айта кету керек, туынды шынайы өмірдегі оқиғаларға негізделген. Фильмді көруге келген көпшілік айтар ойы бар дейді.

Мамыржан АСАТУЛАЕВ -КӨРЕРМЕН

Қатысушылар  Тараз кино мектебінің алғашқы туындылары жаман шықпағанын айтты. Алдағы уақытта көрермен көзайымына айналатын туындылар түсіріледі деген үміт те бар.

К.Шәмші, Т.Терлікбай ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
20:34, 18 маусым 2019
ТҮБІРТЕК ТАЛАП ЕТ ТЕ – СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
18:46, 12 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...