Жаңа мешіт ашылды

19:00, 17 мамыр 2017   148

Cоңғы жылдары еліміздің түкпір-түкпірінде көк күмбезді мешіттер мұсылман жамағатқа есіктерін айқара ашуда. Көпке үлгі, әрі сауапты іске Луговой кентінің тұрғындары да куә болды. Мұнда 140 адамға арналған жаңа мешіт көпшілікке есігін айқара ашты.

Шағын ауылдағы бұл екінші мешіт. Ал аудандағы 33-ші. Ашылу салтанатына жиылған жұртшылықтың қуанышында шек жоқ. Өйткені 10 мың халқы бар аймаққа бір мешіт осы уақытқа дейін аздық еткені анық. Оның үстіне ауыл ортасынан пойыз жол кесіп өтетіндіктен қауіпсіздік үшінде ыңғайлы болып отыр.

Сұлтаншәріп Жадраев, Т. Рысқұлов ауданының бас имамы

/Халқымыз осы мешіт себеп болып,осы жақтан жастарымыз, үлкен-кішілеріміз тәлім-тәрбие алып, ислами діни бағыттағы білімдерін,шыңдап, еліне Отанына қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеуде себепкер болады деп ойлаймын/

Жүсіп деп аталатын мешіттің ашылуына негізгі себепкер ауыл тұрғыны, жас кәсіпкер – Жәнібек Жүсіпов. Бұл тірліктен тіпті өзінің ата-анасы да мұндаған дейін бейхабар болыпты. Жария қылмай жасаған жақсылық - нағыз ер азаматтың ісі.

Жандос Үмбетәлі, ауыл тұрғыны

/Бүгін міне Т. Рысқұлов ауданы Луговой кентінде ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Ауыл жамағаты мен тұрғындарының көкейінде жүрген мешіт салынды. Атсалысқан барлық бауырларымызға алғысымыз шексіз./

Әрине жалғыздың шаңы шықпайды. Бұл берекелі бастаманы естіген ауыл тұрғындары мен дос-жарандар аянбай атсалысқан. Ымыраға негізделген ынтымақты тірліктің нәтижесі міне осындай.

 

Алмат Садуақас, Ғалымжан Есенбаев «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40