ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА МИНИСТРЛЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20:30, 17 маусым 2019

Бүгін Үкіметте бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.  Президенттің жарлығымен жаңа министрліктерге Бақыт Сұлтанов және Мағзұм Мырзағалиаевтер басшы болып тағайындалды. Ал Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қызметінен босады. Рет-ретімен тілшіміз.

Бүгін Бақыт Сұлтанов жаңа лауазымға ие болды. Тура бес күн бұрын Нұр-сұлтан қаласы әкімінің қызметінен кеткен ол, енді – сауда және интеграция министрі. Яғни, елдің алыс-берісі оның жауапкершілігінде. Осылайша, Бақыт Сұлтанов араға 11 ай салып, министр орынтағына қайта оралды.

 

БАҚЫТ СҰЛТАНОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ

- 48 жаста

- 1994-2002 жж. – ҚР Қаржы министрлігінде басқару жұмыстары.

- 2002 - 2003 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің директоры.

- 2003- 2006 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-министрі.

-  2006-2007 жж. – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

- 2007 ж. қаңтардан бастап – ҚР Қаржы вице-министрі.

- 2007 ж. тамызынан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

- 2010-2012 жж. – ҚР Президентінің көмекшісі.

- 2012-2013 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

- 2013-2018 жж. – ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрі.

- 2018-2019 жж. – Нұр-сұлтан қаласының әкімі.

 

Жаңа құрылған мекеменің тағы бірі – экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі. Жаңа мекеменінің жаңа басшы болып Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды. Көпшілікке аты бейтаныс тұлға туралы айтсақ, бұған дейін ол 4 жылдай Энергетика вице-министрі қызметін абыроймен атқарған. Мамандығы экономист. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі. Көбіне – мұнай-газ саласында тер төккен.

 

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ

- 41 жаста

- 2001-2004 жж. – «MI Drilling Fluids International» (Schlumberger) Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында бұрғылау ерітіндісі жөніндегі инженер, АҚШ және Малайзияда тағылымдама.

- 2004-2007 жж. – өндіріс бойынша менеджер («MI Drilling Fluids International» Ақтау филиалының басшысы).

- 2007-2010 жж. – «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

- 2010- 2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.

- 2012 – 2013 жж. – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

- 2013-2014 жж. – ҚР Мұнай және газ вице-министрі.

- 2014-2017 жж. – ҚР Энергетика вице-министрі

 

Ал, Мәдениет және спорт министрлігінің тізгінін Ақтоты Райымқұлова ұстады. Бүгінге дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары болған  55 жастағы ханым, өнерден алыс емес. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны "композиция және фортепиано" мамандығы бойынша тәмамдаған. Баршаға белгілі пианист, шәкірт тәрбиелеген құрметті ұстаз. 2016 жылдан бері Мәдениет және спорт вице-министрі. Ал аталған саланы 5 жылдай басқарған экс-басшы, Президент пәрменімен қызметінен босады. Қысқасы, аты аталған кандидатураларды Үкімет ұсынып, Мәжіліс мақұлдады. Ал Президент тиісті жарлыққа қол қойды. А.Т.ҰА

 

АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ

- 55 жаста

- 1987 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "композиция" және "фортепиано" мамандықтары бойынша, "композиция"мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдады.

- 2016 жылдың 3 қазанынан бастап ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі

 

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ  СПОРТ МИНИСТРІ

6.08.2014-17.06.2019 ЖЖ.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар