ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

20:46, 13 тамыз 2019

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында» облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда жаңа оқу жылына дайындық барысы айтылып, журналистер қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Биылғы жаңа оқу жылында Жамбыл облысында 5- мектеп пайдалануға беріледі. Оның біреуі үш ауысымды, біреуі апатты, үшеуі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешеді. Алайда, өңірмізде қалған 3- апатты мектеп үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бұл мәселе Жамбыл жерінде түпкілікті шешімін табады дейді басқарма басшысы. Жаңа мектептерден бөлек, қазіргі таңда облыстағы 7- мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыста 25 258 ұстаз оқушыларға заман талабына сай саналы тәрбие мен сапалы білім беруде. Олардың басым көпшілігі жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілігін арттырып үлгерді. Сондай-ақ өңірде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 30 мың оқушыға көмек көрсетіледі деп күтілуде. Бұл акция 30- қыркүйекке дейін жалғасады.

Жамбыл облысында мектепке дейінгі білім беретін мекеме саны 545-ке жетті. Онда 55 207 бала тәрбиеленуде. Биылғы жылдың өзінде өңірде 15 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды. Ондағы жекеменшік балабақша үлесі 31,4 пайызды құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 3-6 жас аралығында 98 пайызға артса, жыл соңына дейін 100- пайызға қамтылады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар