ШҰҒЫЛ! БАҒАЛЫ ТОНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

18:39, 12 шілде 2019

Бүгін өңірлік коммуникация алаңында облысымыздағы жоғарғы оқу орындарының  2019-2020 жылдарға арналған оқу ақысы мен білім гранттары жөнінде баспасөз конференциясы өтті.  Жиында Тараз мемлекеттік университетінің ректоры  Махметқали Сарыбеков пен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы баяндама жасап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті биылғы оқу жылына бакалаврға 60, магистратураға 40, докторантураның 4 мамандығы бойынша қабылдайды. Олардың ішінде қазіргі нарық заманында сұранысқа ие жаңа мамандықтар ашылып отыр. Соның бірі республика бойынша тек аталған университетте «Мехатроника» білім бағдарламасы аясында кадрлар даярлау басталыпты.«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыруда мехатроника мамандары аса қажет дейді, - университет ректоры.

Махметқали Сарыбеков - Тараз мемлекеттік университетінің ректоры

Бұдан бөлек, Махметқали Нұрғалиұлы баяндамасында, биылғы оқу жылындағы негізгі ерекшеліктерге тоқтала кетті. Мемлекеттік білім беру грантын алу үшін конкурс мамандықтар бойынша емес, мамандарды даярлау бағыттары бойынша жүргізіледі. Сонымен қоса, көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары үшін қосымша 5  мың грант бөлініпті. Оның  460-ы Жамбыл облысына тиесілі. Конкурсқа құжаттарды қабылдау 13 шілдеде басталып, 20 шілдеде аяқталады.

Махметқали Сарыбеков - Тараз мемлекеттік университетінің ректоры

Ал, «Ұстаз»  университеті жоғарғы оқу орны оқу ақысын алдыңғы жылдың деңгейінде қалдырыпты. Биыл оқу орны бакалавр бойынша 24 білім бағдарламасы аясында талапкерлерді оқуға қабылдайды. Магистратураға 13, докторантураға 9 білім бағдарламалары қарастырылып отыр.Құжаттарды қабылдау бүгінгі күні басталып кеткен.25 шілдеге дейін жалғасады.

Ержан Әмірбекұлы –  Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры

Сондай-ақ, педагогикалық білім ордасы  ағылшын тіліне ерекше назар аударып отырғандарын айтады. Ержан Әмірбекұлының айтуынша, кез-келген мамандықта оқитын студент оқу орнын бітірген соң ағылшын тілін 5-6 IELTS дәрежесінде үйреніп шығады екен.

К.Шәмші, Н.Құдияров ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар