ШҰҒЫЛ! Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды Толығырақ

Жуалыда сот ғимараты пайдалануға берілді

19:48, 12 қаңтар 2018

Бүгін Жуалы ауданында жаңа сот ғимараты пайдалануға берілді. Бұрынғы нысан заман талабына сай болмағандықтан, жаңа ғимарат тұрғызу туралы шешім қабылданып, құрылыс бірнеше айда аяқталды.

Елбасы ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасында осы сот жүйесінің дамуы мен мақсат-міндетін айқын көрсетіп берген еді. Оның ішінде материалдық-техникалық базасын нығайту жайы айтылды. Бүгінде облыстың сот саласы осы  жаһандану көшінен қалмай, талапқа сай реформалануда. Оның бір дәлелі – Жуалы ауданында ашылған заманауи ғимарат.

Жомарт Рүстембеков, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

Тәуелсіздік алған жылдары елімізде сот жүйесі құрылды.Елдің әр аймағында заманауи ғимараттар бой көтеріп жатыр. Бүгінгі ашылған нысан соның бір дәлелі..

Аймақтағы «Мелиоратор» деп аталатын құрылыс компаниясы 2 қабатты ғимаратты бас-аяғы 6 айдың ішінде салып бітірді. Жобаның құны 290 млн теңгеге жуықтайды. Ғимарат толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталған 3 сот залы, судьялардың кабинеттері мен конференция залдары бар. Нысанның ашылу салтанатына келген заң саласының ардагерлері өз замандарында дәл мұндай жағдайдың болмағанын айтады.

Аманжол Дүрәліұлы, Жуалы ауданының құрметті азаматы

Еңселі әділет, сот үйі пайдалануға берілді. Біздің мақсатымыз бір-ақ нәрсе елдің бірлігі. Біз қашанда ел мүддесі үшін жұмыс істейміз...

Аудандық сот талап-арыздарды «сот кабинеті» арқылы қабылдайды. «Онлайн қызмет кез келген адамға қолжетімді», – дейді мамандар. Бұл жоба бірнеше тараптың жұмысын жеңілдеткен.

Данияр Асқарұлы, Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды
19:41, 22 қаңтар 2018
Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар