ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

22:41, 13 маусым 2019

Бас қаланың басшысымен қатар бүгін елімізде бірқатар тағайындаулар болды. Алтай Көлгіновтың батыстағы  бос орнына орынбасары жайғасса,  Маңғыстау облысының әкімі қызметіне жергілікті жұртшылыққа жақсы таныс Серікбай Трұмов келді. Ал  бүгін жауапты әрі маңызды қызметке ауысқандардың ішіндегі ең жасы білім және ғылым министрлігінің жаңа басшысы.

Жас келсе іске.  Еліміздің бас ұстазы қызметіне кіріскен Асхат Аймағамбетов министрлік тарихындағы ең жас министрдің бірі болмақ.  Ол 1982 жылы дүниеге келген.  Білім және ғылым саласындағы түйіткілді мәселелермен жақсы таныс. 2017-2019 жылдары аралағында вице-министр қызметін атқарып, талай бастамаларды көтерген. Ал оған дейін 4 жылдай Қарағанды облыстық білім басқармасын басқарды.  Одан бөлек әр жылдары университет оқытушысы, аудан әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Соңғы қызметі Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

Серікбай Трұмов Маңғыстау жұртшылығына жақсы таныс адам. Әр жылдары Түпқараған ауданы, Жаңаөзен қаласы мен Ақтау қаласын басқарды. Облыс әкімінің орынбасары да болды. Барлық қызметінде жергілікті халық оның іскерлігіне жақсы бағасын берген. 55 жастағы жаңа әкім қызмет жолын қарапайым бетон құюшыдан бастап, сатылап барлық қадамдардан өткен білікті маман. Енді оның алдына үлкен міндеттер қойылып отыр. Ел бюджетінің елеулі бөлігін толтырып отырған өңірдің әлеуетін арттырып, тынысына жаңа леп әкелуі қажет.

Ал Батыс Қазақстан облысында Ғали Есқалиев бұрынғы басшысының орнын басып әкім болды. Өңірдің су жаңа басшысы 1970 жылы туған. Экономика, менеджмент бағытында білім алған ол еліміздегі бірнеше банкте жауапты қызметтерді атқарған. Сондай-ақ Жамбыл және Ақтөбе өңірлерінде облыс әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Айта кетейік Ғали Есқалиевтің әкесі Нәжімеден Есқалиев 1986-1993 жылдары Орал облысын басқарған болатын. Осылайша әке жолын ұл жалғап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар