ШҰҒЫЛ! ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА Толығырақ

Жаңа туған нәрестені «SMS» хабарлама арқылы тіркеуге болады

19:13, 11 қаңтар 2018

Енді Жамбылдық босанған аналар да сәбиінің туу туралы куәлігін рәсімдеп табан тоздырмайды, бар болғаны SMS хабарлама арқылы куәлікті бір күннің ішінде ала алады. Мемлекеттік қызметтерді проактивті жолмен ұсыну мақсатында қолға алынған бұл пилоттық жоба өз жұмысын бастады. Осыған орай, бүгін, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері перзентханадағы аналарға  сәбилердің алғашқы құжатын тапсырды.

Иә, 2017 жылдың 29 желтоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа жобаны қолға алды. Бала туылғаннан кейін автоматты түрде оның ата-анасына SMS-хабарлама келіп түседі. Онда ата-анадан өмірге келген перзенттің атын, әкесінің атын, тегін жазып жіберу сұралады. Босанған ана хабарлама арқылы келген сұрақтарға жауап беріп болған соң, автоматты түрде нәрестенің туу туралы куәлігі тіркеледі.

Данияр Медетбеков, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры

Бұл жобаның тиімділігі біз қазір Цифрлы Қазақстан жобасын қолға алып жатқандықтан, өте керек жоба. Ол босанған  керек емес қағаздардың санын азайтып, тез әрі нақты жұмыс істеуге септігін тигізеді.

Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Бұрын мұндай қызметті алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек болған. Енді ата-аналар орталыққа баланың туу туралы куәлігін алу үшін ғана барады немесе үйге жеткізу қызметін пайдаланылады.  

Айжан Аманбаева, босанған ана

Мен барлық ақпаратты смс арқылы жіберген соң маған тіркелгендігі жөнінде хабарлама келді. Өте тез алдым. Өте ыңғайлы деп ойлаймын.

Жансая Ерболатова, босанған ана

Мен қызымның атын жазып жібердім. Маған ұнады. Барлық жерде осы жоба қолданылса деп ойлаймын.

Бүгінгі таңда бұл қызмет түрі облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласындағы екі перзентханада қолданылуда.

Шырайлым Болатбекқызы, Өміртай Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
13:10, 20 сәуір 2018
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:30, 16 сәуір 2018
ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
20:30, 16 сәуір 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
Толығырақ...