ШҰҒЫЛ! Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды Толығырақ

Жаңа жолдау – жаңа мүмкіндіктер

15:05, 12 қаңтар 2018

Жаңа Жолдау – жаңа мүмкіндіктер, жаңа белестер. Қазақстан халқы жылда Елбасы Жолдауын тағатсыздана тосады. Өйткені еліміз үшін маңызды құжатта аса қажетті тапсырмалар, тың бастамалар, бір сөзбен айтқанда, болашаққа нақты бағдар жасалады. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында мемлекетті дамыту бағытындағы нақты 10 межені белгілеп берді. Бүгін Жамбылдықтар жұрт болып жұмылып, бас құжаттағы басты міндеттерді саралады, жаңа жоспарлар құрды, дамудың даңғыл жолын айқындады. Жолдауда жүктелген басым бағыттарды жүзеге асыру мақсатымен «Баласағұн» мәдениет сарайында өткен актив жиынында бас қосты.

Иә, Президент кезекті Жолдауында Қазақ елі атқаруы тиіс негізгі он міндетті нақтылап берді. Бас құжаттағы басты тапсырма – әлемдегі 30 дамыған мемлекеттермен еліміздің терезесін теңестіру. Автив жиынына жиналған жамбылдықтар бүгін «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екеніне тағы бір рет көз жеткізді.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында көлемді баяндамасын оқыды. Кездесу пікір алмасу бағытында өтіп, әр түрлі қызмет саласындағы спикерлер Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша өз ойларымен бөлісті. Олардың әрбірі өз баяндамаларында Жолдауда қойылған талаптарды іске асырудың жолдарына сараптамалық талдау жасады.

Бүгінде еліміз үшінші жаңғыруға сәтті қадам басты. Ол дегеніңіз – халқымыз рухани жаңғыра отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайын мейлінше жақсартуы қажет. Ол үшін әуелі ауыл шаруашылығы секторын дамытып, индустриаландыру бағдарламасын табысты іске асырып, цифрлық Қазақстан құруы тиіс.

Ерсұлтан Ерманов, «Интелексум» компаниясының бас директоры

Мен өзім Сингапур университетінің түлегімін. Сингапур мемлекетінің білім министрлігі техниканы жетілдіру мақсатындағы «Уорднспейс» оқыту платформасын енгізді. Аталған бағыттағы жобаны жүзеге асыру барысында біз сол мемлекеттің білім министрлігі ұйымдастырған конкурстан сүрінбей өттік. Қазіргі уақытта менің серіктестерім ол жақта осы платформаның таныстырылымын өткізіп жатыр. Оған қатысты бірінші этапта жақсы пікірлерге ие болдық. Аталған платформаны Қазақстанның да білім жүйесіне енгізгіміз келеді. Өйткені, бұл жүйенің білім саласын сандық форматқа көшіруге септігі зор болғалы тұр

Жаңа Жолдауда төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолында не істеу қажеттігі айқындалған. Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, Жолдау талдау үшін емес, оны орындау үшін жариялатынын еске салып, алда баршамызды қыруар жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті.

Басқосуда облыс атқамінерлері осылайша, мемлекетіміз жаңа белестерді бағындыруы үшін «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруға уағдаласты. Әрине, егер Әулиеата өңірінің әлауқаты артып, экономикасы көш ілгері дамыса, жаңа технологияларды енгізу арқылы жаңа мүмкіндіктерді еңсерсе, бұл еліміз үшін зор жетістік, үлкен мәртебе.

Қымбат Қаржауқызы, Руслан Сандыбаев, Тоқтар Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды
19:41, 22 қаңтар 2018
Деструктивті бағыттағы діни ағымдармен күрес қарқын алды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар