ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАҢАТЕХНОЛОГИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

18:42, 14 тамыз 2019

Еліміздегі  химия өнеркәсібінің алыбы  «Қазфосфат» компаниясы өндіріске заманауи технологияны енгізу арқылы  - жаңа белестерді бағындыруда. Соңғы жылдары кәсіпорындағы үлкен зауыттар мен цехтарға автоматтандырылған жүйедегі қондырғылар қойылуда. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан жаңа бағыт туралы Данияр Асқарұлы айтып береді.

 «Қазфосфат» бүгінде Жамбыл облысы экономикасының 4-1 бөлігін құрап отыр. Жыл сайын фосфор өндіретін цехтардың қатары көбейіп келеді. Бұл да кәсіпорынның қарышты дамуының көрінісі. Бүгінде зауыт 6 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтып отырса, оның басым бөлігі жас мамандар. Алып кәсіпорынның 2010-2020-шы жылдарға арналған жаңа өндірістерді іске қосу бағдарламасы бекітілген. Осы арқылы өз жұмыстарын жоғары деңгейде орындап келеді. Мәселен, жыл басынан бері 7 ай да 92 млрд теңгенің өнімін өндірген. Осындай қарқынмен жұмыс жалғасса, жыл соңына 140 млрд теңгенің өнімін шығару жоспарда бар.

Мұқаш Ескендіров / «Қазфосфат» ЖШС  Бас директоры / Біз бұған дейін 130 тонналық 6 белаз көлігін 717 млн теңгеге сатып алдық. Басқа да техникаларды толықтырып жатырмыз...

Қаратау қойнауындағы фосфор кені Жамбыл облысының химия өндірісіндегі -  өнегелі өткені, баянды бүгіні, табысты болашағы. Өндіріс алыбы «Қазфосфат» осы жердегі ен байлықты игеру жолында күкірт қышқылын өндіруді де бір жүйеге түсірген. Цех жылына 600 мың тонна күкірт қышқылын шығара  алады. 4 сатылы тазалау- қоршаған ортаға зиянды айтарлықтай азайтады. Автоматты жүйедегі өндіріс барынша қалдықсыз жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тағы да алып цехтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жылына 220 мың тонна фосфор қышқылын өндіру  жоспарлануда.

Бауыржан Бағысбеков / Технологиялық жүйелер бөлімі басшысының орынбасары / Бұл цехта негізінен барлық жұмыс процесттері автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі..

Биыл компанияның  құрылғанына 20 жыл болады. Жаңа технология – жаңа мүмкіндік, тұрақты  табыс  та  әкеледі. Демек, зауыт өнімдері сапасы да,  бағасы  да бәсекеге қабілетті бола түспек. Сол себепті, экономикалық және экологиялық тұрғыда тиімді жұмыстар легі жалғаса бермек.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар